Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » “Бір мектеп - бір жоба” облыстық байқауының аудандық кезеңі бастау алды

“Бір мектеп - бір жоба” облыстық байқауының аудандық кезеңі бастау алды

Мектеп директорларының инновациялық және кәсіби маңызды тәжірибесін анықтау және тарату, білім беру жүйесіндегі мәртебесін көтеру және кәсіби имиджді қалыптастыру мақсатында «Бір мектеп – бір жоба» атты облыстық байқаудың аудандық кезеңі №36 мектеп-лицей базасында өткізілуде.

Байқау білім беру жүйесінде жүріп жатқан өзгерістер педагогтардың ғана емес, білім беру ұйымдарының басшыларына да үздіксіз дамуы қажеттігін айқындап отыр.

Байқаудың міндеттері:
- Мектеп директорларын инновациялық қызметке, кәсіби өзін –өзі танытуға ынталандыру;
- Білім беру жүйесінде мектеп басшысының мәртебесін арттыру және оң әлеуметтік кәсіби имиджін қалыптастыру;
- Білім беру ұйымдарындағы тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету;
- педагогикалық менеджменттің басқару функцияларын жүзеге асыру.

Байқау шарты бойынша мектеп басшылары өз пәнінен ашық сабақ өткізуде.
Бүгін доданың алғашқы күнінде кестеге сәйкес №37, №126, №129, №135 мектеп директорлары сабақ көрсетті.
28 ақпан 2024 ж. 250 0