Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Сырдарияда жас кәсіпкерлер жобаларының байқауы бастау алады

Сырдарияда жас кәсіпкерлер жобаларының байқауы бастау алады

Аудан әкімдігінің қолдауымен аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен "Жастар бастауы - кәсіпкерлік негізі" атты кәсіпкерлік жобалар байқауы өтетін болды.

Бұл туралы аудан әкімі Берік Сәрменбаевтың жас кәсіпкерлермен кездесуінде аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Н.Абдрасилов хабарлады.

Өтінімдер ағымдағы жылдың 20 шілдесі күніне дейін қабылданады.

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:

- Жобаға кез келген 14-35 жас аралығындағы Сырдария ауданының тұрғыны қатыса алады;

- IT технологияларды қолдану арқылы жүзеге асатын жобалар;

- Сырдария өңірінің туристік брендін жасауға және отандық, шетелдік туристерді тартуға бағытталған жобалар;

- Білім беру саласында тұрғындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және білімді ұрпақ қалыптастыру бағытындағы жобалар;

- Агробизнес саласында инновациялы ауыл шаруашылықты қалыптастыру бағытындағы жобалар;

- Әлеуметтік кәсіпкерлікті (орта және шағын) бизнес субъектілерін тарту арқылы аудан тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған жобалар;

- Азаматтық қоғам жастар арасында патриоттыққа баулуға, ұлттық-салт дәстүрлерді қайта жаңғырту мен ұлттық бірегейлікті сақтау және т.б. бағыттардағы жобалар;

- Өнеркәсіп және өндірістік тұтыну тауарларын өндіруге алдыңғы қатарлы технологияларды пайдалануға бағытталған жобалар мақұлданады.

Бағдарлама шартына сай келетін әр кәсіпкер іріктеуге бір жаңашыл бизнес-жоба ұсынуы қажет.
Жобалардың басты шарттары: сұраныс, тиімділік және жастардың жеке қабілеттерінің болуы. Инновациясыз, көп таралған және сұранысы жоқ жобаларға қолдау берілуінің ықтималдылығы аз.

Байқаудың қорытындысы бойынша үздік танылған жобалар І-орын, ІІ-орын, ІІІ-орын бағалы сыйлықтармен және арнайы сертификат, дипломдармен марапатталатын болады.

Бұрын осы жобаға қатысып, қолдау алған жеңімпаздар қайта қатыстырылмайды.

Байқауға өтініштер 2023 жылдың 12-20 шілде аралығында 8-724-36-22-2-15, 87074013736 байланыс нөмері арқылы қабылданады.
12 шілде 2023 ж. 239 0