Жәбірленушілерге өтемақы қоры: Құқықтарыңызды біліңіз!
Қазақстан Республикасында қылмыстық құқық бұзушылықтан зардап шеккен адамдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға бағытталған Жәбірленушілерге өтемақы қоры жұмыс істейді.Өтемақы қорының негізгі мақсаты – қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан жәбірленушіге келтірілген зиянды өтеуге мемлекет тарапынан кепілдік берілген әлеуметтік-құқықтық қолдауды қамтамасыз ету.
Кімдер өтемақы алуға құқылы?
Заңда белгіленген жағдайларда:
* қылмыстық құқық бұзушылықтан жәбірленуші деп танылған адамдар;
* қылмыстық құқық бұзушылық салдарынан денсаулығына немесе өміріне зиян келтірілген адамдар;
* жәбірленуші қайтыс болған жағдайда оның құқықтық мирасқорлары өтемақы алуға құқылы.
Өтемақы төлеу заңда көзделген негіздер мен мөлшерлерге сәйкес жүзеге асырылады.
Жәбірленушінің өтемақы алу құқығы қылмыстық іс бойынша оның процессуалдық мәртебесіне және заңда белгіленген өзге де талаптарға байланысты айқындалады.
Маңызды!
Жәбірленушілер өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін қылмыстық процесті жүргізетін органға, прокуратураға немесе өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарға жүгінуге құқылы.
Әрбір азамат өзіне берілген құқықтарды білуі және оларды заңда белгіленген тәртіппен пайдалана білуі қажет.
Заңды білу – құқықты қорғаудың кепілі!
Сырдария аудандық прокуратурасы









