Қазақстанның 5 боксшысы Азия ойындарының жартылай финалына шықты
Аичи-Нагояда өтіп жатқан ХХ жазғы Азия ойындарында еліміздің 5 боксшысы жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды Egemen.kz.55 келіге дейінгі салмақта Махмұд Сабырхан Филиппин спортшысы Карло Пааламмен, ал 70 келіде Төрехан Сабырхан Өзбекстан боксшысы Шавкатжон Болтоевпен кездеседі. +90 келіде Айбек Оралбай Үндістан өкілі Нарендермен күш сынасады.
Бұл жекпе-жектердің төртеуі 30 қыркүйекте, ал Айбек Оралбайдың кездесуі 29 қыркүйекте өтеді.
Алты боксшы – Назым Қызайбай, Виктория Графеева, Аида Әбікеева, Оразбек Асылқұлов пен Сабыржан Аққалықов жарыс жолынан шығып қалды. Сондай-ақ 90 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Нұрбек Оралбай ширек финалда Өзбекстан өкілі Турарбек Хабибуллаевқа есе жіберді.









