Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ауқымды жоба "Жастар бригадасы" Аманкелді ауылында да құрылады

Ауқымды жоба "Жастар бригадасы" Аманкелді ауылында да құрылады

Аудан жастарын еңбекке тарту, егін шаруашылығымен айналысуына жағдай жасау бойынша ауқымды жобалар қолға алынуда. Жұмыссыз жастарды болдырмау басты мақсат болып отыр.

Аудан әкімі Мұрат Ергешбаевтің қолдауымен Аманкелді ауылдық округінен жастар бригадасы құрылады.

- Бұл жобаның жастарды жұмыспен қамтуда және NEET санатындағы жастарды болдырмау мақсатында атқарар рөлі айрықша болады,–деді аудан әкімі Мұрат Ергешбаев.

Аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен ауыл жастарына бағытталған жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Егістік жерді егін егуге дайындау, су айдайтын насос беру, келісім арқылы жер беру және қоршау т.б жұмыстары ауыл жастары үшін тегін жүргізіледі.

Аманкелді ауылдық округінен жұмыссыз жастарға 4 (төрт) гектар жер белгіленіп, ерте көктемнен бастап 20 (жиырма) жұмыссыз жас бригада қатарында еңбек етеді.

Жастар бригадасындағы жас еңбеккерлер картоп, сәбіз, қауын, қарбыз, жүгері, асқабақ т.б дақылдар егетін болады.

Сырдария аудандық
жастар ресурстық орталығы

31 қазан 2022 ж. 469 0