Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазан айында ел тұрғындары қандай салықтар мен төлемдерді төлеуі керек?

Қазан айында ел тұрғындары қандай салықтар мен төлемдерді төлеуі керек?

2026 жылғы қазан айында Қазақстандағы салық төлеушілер бірқатар есептілікті тапсырып, белгіленген мерзімде салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді аударуы тиіс, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, ең алдымен, 2025 жылға арналған жеке тұлғалардың мүлік салығын 1 қазанға дейін төлеу қажет.
Салық есептілігін тапсыру мерзімдері
15 қазанға дейін:
  • 2026 жылғы тамыз айы үшін акциз бойынша 400.00 нысаны;
20 қазанға дейін:
  • 2026 жылғы қыркүйек үшін тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы 328.00 нысаны;
  • жер учаскелерін пайдалануға арналған ағымдағы төлемдер сомасының есебі – 851.00 нысаны;
  • қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем бойынша 870.00 нысаны.

Қандай төлемдерді жасау керек?

1 қазанға дейін:
  • 2025 жылға арналған жеке тұлғалардың мүлік салығы.
5 қазанға дейін:
  • 2026 жылғы қыркүйек үшін жеке практикамен айналысатын тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығы.
15 қазанға дейін:
  • 2026 жылдың III тоқсаны үшін түбірімен босатылатын сүрек бойынша орман пайдаланғаны үшін төлем;
  • интернет-платформа операторы арқылы қыркүйек айы үшін өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі бойынша жеке табыс салығы.
20 қазанға дейін:
  • 2026 жылғы қыркүйек үшін ЕАЭО-дағы қосылған құн салығы;
  • қыркүйек айы үшін акциз, оның ішінде ЕАЭО елдерінен импортталған тауарлар бойынша;
  • қоршаған ортаға теріс әсер еткені үшін төлем;
  • 2026 жылдың III тоқсаны үшін ұзақ мерзімді орман пайдалану бойынша төлем;
  • өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін III тоқсанға арналған төлем.
27 қазанға дейін:
  • қазан айына арналған корпоративтік табыс салығының аванстық төлемдері;
  • қыркүйекте резиденттерге төленген табыстардан ұсталатын корпоративтік табыс салығы;
  • төлем көзінен ұсталған жеке табыс салығы;
  • бейрезиденттердің табыстарынан төлем көзінен ұсталатын корпоративтік табыс салығы;
  • бейрезидент жеке тұлғалардың табыстарынан жеке табыс салығы;
  • жекелеген санаттағы бейрезиденттерге қыркүйекте төленген табыстар бойынша жеке табыс салығы;
  • қыркүйек үшін өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған арнайы салық режимі бойынша жеке табыс салығы;
  • қыркүйек айы үшін әлеуметтік салық;
  • жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлем;
  • радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлем;
  • қазан айына сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлем;
  • қыркүйек айы үшін бірыңғай төлем;
  • қыркүйек айына арналған әлеуметтік төлемдер: ОПВ, ОППВ, ОПВР, СО, ОСМС және ВОСМС.
Мемлекеттік кірістер департаменті салық төлеушілерге есептілікті тапсыру мен төлемдерді соңғы күнге қалдырмауға кеңес берді. Бұл техникалық кідірістердің алдын алып, өсімпұл есептелу қаупін азайтуға мүмкіндік береді.

Сурет: ашық дереккөз
28 қыркүйек 2026 ж. 89 0