Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » «Аманкелді ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі конкурс жариялайды:

«Аманкелді ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі конкурс жариялайды:

«Аманкелді ауылдық округі әкімі аппа­ратының Аманкелді ауылдық мәдениет үйі» ком­муналдық мемлекеттік қазыналық кәсіп­орынның директоры.

Лауазымдық міндеттері: Шығармашылық, қаржылық-шаруашылық қызметін жүзеге асырады және мәдениет үйі мүлкінің сақталуын қамтамасыз етеді. Мәдениет үйінің жұмыс жоспарын жасайды, белгіленген тәртіпте бекітеді және оның орындалуын қамтамасыз етеді. Елді мекен, сондай-ақ жақын орналасқан ауыл тұрғындары арасында мәдени-ағартушылық жұмысын ұйымдастырады. Көркемөнерпаздар үйірмесінің және басқа да бірлестіктердің жұмысын ұйымдастырады. Демалыс кештерін, тақырыптық концерттер және басқа да бұқаралық шараларды жүргізеді. Штаттық қызметкерлері жоқ қоғамдық клубтардың активіне мәдени-бұқаралық шаралар өткізу жөнінде әдістемелік көмек көрсетеді. Жұмыстың озық үлгілерін зерттейді, олардың жұмыс тәжірбиесіне енгізуді қамтамасыз етеді. Мәдениет үйінің қызметкерлерін тиімді орналастыру және мақсатты пайдалануын қамтамасыз етеді және олардың біліктілігін арттыруға мүмкіндік жасайды. Мәдениет үйінің қызметкерлерінің өндірістік және еңбек тәртібін, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы ережелерін сақталуын қамтамасыз етеді. Мәдени-бұқаралық жұмыстарын ұйымдастырады. Ақылы қызмет көрсетеді. Кәсіпорынды кәсіптік білікті мамандармен қамтамасыз ету, олардың білімі мен тәжірибесін тиімді пайдалану және дамытуды қамтамасыз ету, моральдық және материалдық ынталандыру шараларын қабылдайды. Басқа кәсіпорындармен немесе басқа заңды тұлғалармен шарттар, мәмілелер, операциялар жасайды, бұйрық шығарады. Сыбайлас жемқорлық пен күресу бойынша жұмысты ұйымдастырады және көрсетілген жұмысқа дербес жауап береді.

Білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясын; Бюджет кодексін; Еңбек кодексін; Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы», «Сыбайлас жем­қор­лықпен күрес туралы», «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Мемлекеттік сатып алулар туралы» заңдарын, қауіпсіздік және өртке қарсы қауіпсіздік техникаларын.

Біліктілікке қойылатын талаптар: Өнер немесе гуманитарлық ғылымдар немесе қызмет көрсету мамандықтар тобы бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандығы бойынша басшылық лауазымдарда 5 жылдан кем емес жұмыс өтілі.

Арнайы дайындығы немесе біліктілікке қойылатын талаптарда белгіленген еңбек стажы жоқ, бірақ мәдениет саласында жеткілікті практикалық тәжірибесі бар жоғары немесе арнаулы орта білімі барларға рұқсат етіледі.

Конкурс «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Рес­публикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 ақпан­дағы №70 бұйрығына сәйкес өткі­зіледі.

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мер­зім­де Комиссияға мынадай құжаттарды ұсына­ды:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;

3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;

4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;

6) денсаулығы туралы белгіленген нысандағы анық­тама.

7) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анық­тама;

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құрал­дарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жария­ланған күннен бастап күнтізбелік 15 күн өткеннен кейін аяқталады.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс стажына, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар туралы құжаттардың көшірмелері және т.с.) беруіне болады.
Барлық құжаттар болған, сондай-ақ тұлға осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде комиссия құжаттар қабылдау аяқталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде құжаттар тапсырған тұлғаны конкурсқа қатысуға жіберу туралы шешім қабылдайды.

Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған құжаттарды зерделейді және күнтізбелік он күн ішінде конкурсқа қатысушылармен әңгімелесу өткізеді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттар аталмыш хабарландыру соңғы жарияланған мерзімнен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн аралығында мына мекен-жай бойынша қабылданады: индекс 120603, Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Аманкелді ауылы, Абдолла Ағайдаров көшесі № 8 үй, «Аманкелді ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Анықтама телефондары: 8 (7242) 21-90-00.

Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетін жерге келу және қайту, тұратын жер жалдау, байланыс қызметінің барлық түрлерін пайдалану) өздерінің жеке қаражаттары есебінен жүргізеді.



«Аманкелді ауылдық округі әкімінің аппараты» КММ
05 қаңтар 2023 ж. 515 0