Конституциялық реформалар және әділ салық саясаты
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне еніп, мемлекеттің саяси жүйесін жаңғыртуға, адам құқықтарын қорғауды күшейтуге және қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтуға бағытталған тарихи Ата Заңымыз.Конституция мемлекеттік басқару жүйесін заман талабына сай икемді етуге жол ашты. Қоғамдағы әділдік пен заңның үстемдігін қамтамасыз етуге арналған негізгі тетіктерді бекітті.
Негізгі жаңашылдықтардың бірі – мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу, бұл әрине тепе-теңдік жүйесін негұрлым үйлесімді қалыптастыруға сондай-ақ атқарушы биліктің жауапкершілігін арттыруға бағытталған. Сондай-ақ, Конституцияның жаңа мәтіні адамға бағытталған: онда адамның қадір-қасиетін қорғау, әлеуметтік құқықтар, заң алдындағы теңдік, сот арқылы қорғалу және жеке басының қол сұғылмаушылығы туралы ережелер күшейтілген. Бұл әрине әлеуметтік және құқықтық мемлекет құрудың заманауи тәсілі.
Сонымен қатар, кез келген дамыған мемлекеттің іргетасы – оның қаржылық тәуелсіздігі мен азаматтардың жоғарғы жауапкершілігі. Салық төлеу тек міндетті орындау емес, бұл еліміздің қауіпсіздігі мен болашақ ұрпақтың жарқын болашағы.
Конституцияның 38 – бабына сай, занды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу – әр адамның борышы мен міндеті.
Бұл норма жай ғана заң талабы емес, ел тұрақтылығы мен мемлекеттің дамуын қамтамасыз ететін негізгі конституциялық қағида.
Бүгінгі күні салықтық мәдениетті қалыптастыру заман талабы. Салық міндеттемесіне адал қарау, мемлекетке деген сенімді арттырып қана қоймай, әрбір азаматтың өз елінің ертеңіне қосқан үлесі болып табылады. Түскен салықтың ашықтығы мен тиімді жұмсалуы –мықты экономиканың, ал салықты уақытылы төлеу –жауапты қоғам белгісі.
Сырдария ауданы бойынша
Мемлекеттік кірістер басқармасы









