Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «Қазгидромет» 4 қазанға дауылды ескерту жариялады

«Қазгидромет» 4 қазанға дауылды ескерту жариялады

«Қазгидромет» 4 қазанға дауылды ескертуді жариялады. Синоптиктер Шымкент қаласында, Алматы тауларында және Қазақстанның барлық 17 облысында қолайсыз ауа райы құбылыстары күтілетінін ескертті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шымкентте жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.

Түркістан облысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Түркістан қаласында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз кей уақытта қатты жаңбыр жауады. Желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Алматы қаласының Іле Алатауы тауларында, Медеу және Бостандық аудандарының таулы аймақтарында кей уақытта желдің екпіні 16-21 м/с-қа дейін жетеді.

Алматы облысының батысында, оңтүстігінде, шығысында және таулы аудандарында кей уақытта желдің екпіні 16-21 м/с болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Қонаев қаласында кей уақытта желдің екпіні 16-21 м/с-қа дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде күндіз жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Батысында, солтүстігінде және шығысында желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с-қа дейін күшейеді. Төтенше өрт қаупі сақталады. Жезқазған қаласында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстік-батысында, шығысында және оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Батысында, солтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі бар. Қарағанды қаласында желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Қызылорда облысының шығысы мен солтүстігінде жаңбыр, найзағай, шквал және шаңды дауыл күтіледі. Солтүстігінде, батысында және орталығында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 23 м/с-қа дейін жетеді. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 1°С аяз күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады, солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі бар. Қызылорда қаласында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақтөбе облысының батысы мен солтүстігінде түнде көктайғақ күтіледі. Шығысында жоғары өрт қаупі, батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысының батысы мен таулы аудандарында түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз жаңбыр мен найзағай күтіледі. Батысында, оңтүстігінде және таулы аудандарында қатты жаңбыр, бұршақ және шквал болады. Оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында және таулы аудандарында желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23-28 м/с-қа дейін күшейеді. Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, оңтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Тараз қаласында күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Атырау облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде түнде жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын, күндіз жаңбыр күтіледі. Түнде және таңертең оңтүстігінде тұман түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау қаласында күндіз желдің екпіні 15-18 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Павлодар облысының батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15-20 м/с болады. Облыс бойынша жоғары өрт қаупі сақталады. Солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі. Павлодар қаласында желдің екпіні 15-20 м/с болады.

Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде және орталығында жауын-шашын, негізінен жаңбыр жауады. Түнде және таңертең солтүстігі мен орталығында тұман түседі. Батысында, солтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа дейін күшейеді. Жоғары өрт қаупі сақталады. Ақтау қаласында күндіз желдің екпіні 15-18 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Күндіз батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 25 м/с-қа дейін жетеді. Оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі сақталады. Орал қаласында жаңбыр және қар жауады, түнде және таңертең тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Солтүстігінде, оңтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 25 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстігі мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Өскемен қаласында таңертең және күндіз желдің екпіні 15-18 м/с болады.

Абай облысының шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Батысында, солтүстігінде және орталығында желдің екпіні 15-20 м/с, күндіз 25 м/с-қа дейін жетеді. Солтүстігі мен орталығында жоғары өрт қаупі, солтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады. Семей қаласында таңертең және күндіз желдің екпіні 15-20 м/с болады. Жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында түнде және таңертең тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман күтіледі. Петропавл қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Бұған дейін синоптиктер 4 қазанда Қазақстанның басым бөлігін жаңбыр мен қар жауатынын хабарлаған болатын.

04 қазан 2026 ж. 41 0