Көмірқышқыл газынан сақтаныңыз!
Түтінге уланудың салдары тұрғын үйлердегі от жағу пештерінің мұржа құбырының дұрыс тазаланбауынан немесе пеш есігінің дұрыс жабылмай, ашық қалуынан болып жатады. Бұл өз кезегінде мұржа арқылы түтіннің сыртқа шықпай, үй ішіне тарауына әкеліп соғуда. Сондықтан пештердің моржа құбырының дұрыс тазалануына және пеш есіктерінің ақаусыз дұрыс жабылуына, пеште жарықшалардың болмауына ерекше назар аудару қажет.
Сонымен қатар, Тереңөзек кентіндегі 2 қабатты тұрғын үйлер орталық бу қазандығы арқылы жылытылуға арналған. Алайда, қазіргі таңда орталық бу қазандығының жоқтығынан тұрғындар өз күшімен ішкі от жағу пештерін салып пайдалануда. Ал пештердің мұржасы ретінде тұрғын үйлердің қөпшілігі желдеткіш құбырларын пайдаланған. Бұл өз кезегінде желдеткіш құбырлары арқылы жіберілген түтін (көмірқышқыл газ) көрші пәтер тұрғындарына зиянын тигізуде. Мұның арты қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін.
Осы жағдайларды ескере отырып, Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Сіздерден 2020-2021 жылдардың жылу беру маусымында оқыс оқиғалардың орын алмауы үшін мына тыйым салынған талаптарды орындауға кеңес береді:
– жұмысқа арнайы оқудан өтпеген және тиісті біліктілік куәліктерін алмаған тұлғаларды жіберуге;
– сұйық отынды осы мақсаттар үшін тағайындалмаған үй-жайларда сақтауға;
– жабдықты пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда қарастырылмаған жанғыш заттарды отын ретінде қолдануға;
– отынның берілу жүйелерінен сұйық отын аққан немесе газдың кемуі кезінде жылу өндіргіш қондырғыларды пайдалануға;
– бақылау және реттеу аспаптарының құрастырылымында қарастырылған жылу өндіргіш қондырғылар болмаған, бұзылған немесе сөндірілген кезде жұмыс істеуге;
– жанғыш материалдарды от қазандықтарында немесе бу өткізгіштерде кептіруге;
– жағылатын пешті қараусыз қалдыруға;
– жағу үшін дайындалатын отынды, сондай-ақ басқа жанғыш заттар мен материалдарды пештің алдындағы табаққа орналастыруға;
– үй-жайларда көпшілік адамдардың болуымен онда іс-шаралар өткізу уақытында пеш жағуға;
– пешті пайдалану жөніндегі нұсқаулықта берілген уақыттан артық жағуға;
– пеш алдына өлшемі 50х70 см қаңылтыр қағылуы тиіс.
Естеріңізде болсын, өрттің алдын алу оңай, ал оны өшіру мен зардабы ауыр. «Өрт – тілсіз жау» екендігін, ал одан келетін зардаптардың орнын толтыру қиын екендігін әрбір азаматтың ұмытпағаны дұрыс!
Орын алған төтенше жағдайлар мен оқиғалар кезінде «101», «112», 21-2-00 телефондарына хабарласуларыңызды сұрайды. Сонымен қатар, Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімінде сенім телефоны 8/72436/21-4-94 жұмыс жасайды.
Сырдария аудандық төтенше жағдайлар бөлімі