Көмір-қышқыл газынан сақтаныңыз!
Түтінге уланудың салдары тұрғын үйлердегі от жағу пештерінің мұржа құбырының дұрыс тазаланбауынан немесе пеш есігінің дұрыс жабылмай ашық қалуынан болып жатады. Бұл өз кезегінде мұржа арқылы түтіннің сыртқа шықпай, үй ішіне тарауына әкеліп соғуда.
Сондықтан пештердің мұржа құбырының дұрыс тазалануына және пеш есіктерінің ақаусыз дұрыс жабылуына, пеште жарықшалардың болмауына ерекше назар аудару қажет.
Сонымен қатар кенттегі 2 қабатты тұрғын үйлер орталық бу қазандығы арқылы жылытылуға арналған. Алайда қазіргі таңда орталық бу қазандығының жоқтығынан тұрғындар өз күшімен ішкі от жағу пештерін салып пайдалануда. Ал пештердің мұржасы ретінде тұрғын үйлердің көпшілігі желдеткіш құбырларын пайдаланған. Желдеткіш құбырлар арқылы жіберілген түтін (көмір қышқыл газ) көрші пәтер тұрғындарына зиянын тигізуде. Мұның арты қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін.
Осы жағдайларды ескере отырып, Сырдария ауданының төтенше жағдайлар бөлімі Сіздерден 2020-2021 жылдардың жылу беру маусымында жоғарыда атап өткендей, оқыс оқиғалардың орын алмауы үшін бірқатар талаптарды орындауға кеңес береді:
– тұрғын үйлерде әртүрлі қолдан жасалған электр жылытқыш құралдарын пайдалануға;
– ұйқыға жатар алдында пешке көп мөлшерде көмір отынын салып жағуға;
– желдеткіш жүйелерінің құбырларын мұржа есебінде пайдалануға;
– жағылып тұрған пешті қадағалаусыз қалдыруға болмайды;
Естеріңізде болсын, өрттің алдын алу оңай, ал оны өшіру мен зардабы ауыр. «Өрт – тілсіз жау» екендігін, ал одан келетін зардаптардың орнын толтыру қиын екендігін әрбір азаматтың ұмытпағаны дұрыс.
Сала мамандары төтенше жағдайлар мен өрт, түтінге улану оқиғалар кезінде «101», «112», 21-2-00 телефондарына хабарласуларыңызды сұрайды. Сонымен қатар Сырдария ауданы төтенше жағдайлар бөлімінде 8/72436/21-4-94 сенім телефоны жұмыс жасайды.
Сырдария ауданы төтенше
жағдайлар бөлімі