Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » » Түркітілдес журналистер қоры онлайн курс ұйымдастырады

Түркітілдес журналистер қоры онлайн курс ұйымдастырады

Түркітілдес журналистер қоры “Шеврон” компаниясының серіктестігінде онлайн форматта “Журналистика негіздері” курсын ұйымдастырады.

Курсқа журналистика факультетінде оқымаған, бірақ БАҚ-та жұмыс істеп жүрген журналистер қатыса алады. Курс барысында журналистикаға кіріспе, журналистика заңдылықтары, ақпарат алу және өңдеу, БАҚ туралы заң, журналистік этика, ақпараттық, ақпараттық-сараптамалық жанрлар (заметка, есеп, мақала, интервью, репортаж, журналистік зерттеу, сараптамалық мақала т.б.), сатиралық жанрлар (памфлет, фельетон, эпиграмма, достық шарж т.б.) тақырыптары қамтылады. Курстың өтетін уақыты: тамыз-қыркүйек айлары.

ZOOM арқылы онлайн форматта өтетін курс қазақ тілінде тегін ұйымдастырылады.

Толық ақпарат: +7778 878 3408 (WhatsApp).
11 шілде 2021 ж. 651 0