Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Журналистер одағы журналистика күніне орай конкурс жариялайды

Қазақстан Журналистер одағы журналистика күніне орай конкурс жариялайды

Қазақстанда 2021 жылы тәуелсіздіктің 30 жылдығы атап өтіледі. Осы тарихи датаға байланысты бұл тақырып бұқаралық ақпарат құралдары арасында 28 маусымда өтетін Журналистика күніне арналған дәстүрлі байқауда басымдыққа ие болады. Сондай-ақ, конкурста журналистерге басқа тақырыптарды да таңдауға мүмкіндік беріледі.

Байқау материалдарына қойылатын басты талап: тақырыпты объективті, жан-жақты, терең зерттеу, мәселеге өзіндік, шығармашылық көзқараспен қарау, өзектілік және жылдамдылық. Тиісті тақырып бойынша топтама материалдарға басымдық беріледі.

Конкурсқа 2021 жылдың 1 қаңтарынан 2021 жылдың 1 маусымына дейінгі кезеңде жарияланған немесе эфирге шыққан материалдар, фотосуреттер, радио-бейне сюжеттер қабылданады. Конкурсқа материалдарды қабылдау 10 маусымда аяқталады.

Жарияланған материалдардың сілтемелері мен сіздің жеке деректеріңіз электронды түрде мына электронды поштаға жіберілуі керек: union-press@kazmedia.kz.
Сауалнамада жұмыс орныңызды, лауазымыңызды, мекен-жайыңызды, телефон нөміріңізді және материалдар қандай басылымдарда жарияланғанын көрсетуіңіз керек.

Конкурс нәтижелері 18 маусымда жарияланып, марапаттау рәсімі 2021 жылы 28 маусымда Алматыда өтеді.

Байқаудың қазылар алқасының құрамы және басқа да маңызды мәліметтер ҚР Журналистер одағының Facebook-тегі парақшасында жарияланады: http://www.fasebook.com/jurunion
12 мамыр 2021 ж. 558 0