Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлеуметтік мәселе басты назарда

Әлеуметтік мәселе басты назарда

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа арналған алғашқы Жолдауы жарияланғаны баршаға белгілі. Бұл Жолдау бұрынғыдан өзгерек болды деуге негіз де бар. Себебі қоғам өміріндегі басты мәселелер мен тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты заңды күшейтуге тапсырма берді. Әсіресе қазір қоғамға қауіп төндіріп отырған жасөспірім балалардың кісі қолынан қаза табуы, зорлық көруі фактісі көбейген кезде оған тосқауыл қою аса маңызды болып табылады. Мұнан өзге әлеуметтік мәселелерге қатысты көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі адамдары бар жанұяларды баспанамен қамту қолға алынатын болады. Бұл жөнінде үкіметке нақты тапсырма беріліп, алдағы үш жылда 58 млрд теңге бөлуді тапсырды. Жыл соңына дейін «Бақытты отбасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында алты мың отбасы тұрғын үймен қамтылатынын жеткізді. Бұл қарапайым халық үшін үлкен көмек.
2020 жылдан бастап мұғалімдердің жалақысы жиырма бес процентке өсетін болады. Бұл ұстаздар еңбегінің жемісі. Бұған дейінгі Президент Жолдауларынан өзгерек болған тұстары да осы еді. Әлеуметтік маңызды деген басты дүниелерге тоқталды. Ендігі мақсат та айқын. Тек бірлесіп жұмыс жасап, ел игілігі үшін аянбай тер төгу керек.

Марат ОМАРОВ,
аудандық қоғамдық кеңес төрағасы

03 қыркүйек 2019 ж. 908 0