Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚОС БАЙҚАУДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

ҚОС БАЙҚАУДЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен «Руханиятты қолдау» қоғамдық қоры «Туған жерге тағзым» әлеуметтік жобасы аясында  қаламыздың 200 жылдық мерейтойы қарсаңында «Қызылорда – менің сүйікті қалам!» үздік фото және бейнематериалдар, «Туған өлке естеліктері» тақырыбындағы үздік эссе онлайн-конкурстарын өткізді.
Үздік эссе онлайн-конкурсының мақсаты басқа елге тұрақты тұруға кеткен адамдардың туған жерге деген сағынышын, сүйіспеншілігін білу арқылы туған жердің қадірін түсіну, Отанға деген патриоттық сезімді ояту болса, «Қызылорда – менің сүйікті қалам!» байқауы туған жерге, сүйікті қалаға деген сүйіспеншілікті арттыру, көрнекті жерлері мен тарихи жәдігерлерін насихаттау, жас ұрпақтың бойына туған еліне, сүйікті қаласына деген патриоттық сезімді оятуды мақсат тұтады. Байқау жеңімпаздарын марапаттау шарасы Қорқыт Ата атындағы ҚМУ, №1 оқу ғимараты, Ә.Кекілбаев атындағы дәрісханасында өтті. Жеңімпаздар арнайы дипломдармен марапатталып, ақшалай және бағалы сыйлықтарға ие болды.
Фото және бейнематериалдар байқауына–әділқазылар төрағасы, филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың доценті Ғабит Тұяқбаев, Қызылорда телеарнасының бас редакторы Айсұлу Қасымова, Сыр медиа ЖШС-ның фотокорреспонденті  Нұрболат Нұржаубай, ардагер фототілші Болат Омаралиев, «Ақмешіт  апталығы» газетінің бас редакторы Әділжан Үмбет қазылық етті. Ал үздік эссе байқауына келіп түскен материалдарға филология ғылымдарының кандидаты, Қорқыт ата атындағы ҚМУ-дың қауымдастырылған профессоры Аман Абасилов, «Сыр бойы» газеті редакторының орынбасары Мұрат Жетпісбаев, «Сыр бойы» газетінің бөлім меңгерушісі Гүлжазира Жалғасова, «Тіл сақшысы» газетінің жауапты хатшысы Жалғас Аманов, филология ғылымдарының кандидаты, «Рухани жаңғыру» орталығының бөлім меңгерушісі Гүлмира Әшірбекова сараптама жасады.
Нәтижесінде үздіктер анықталып, арнайы дипломдармен марапаттатлып, ақшалай және бағалы сыйлықтарға ие болды.
«Қызылорда–сүйікті қалам» тақырыбындағы байқаудың  жеңімпаздары 1-орынды Бағдат Есжан, 2-орынды Дарын Кемелов, 3-орынды Сәулебек Мұрат жеңіп алды. Ал, «Туған өлке естеліктері» тақырыбындағы үздік эссе онлайн-конкурсының  жеңімпаздары 1-орын Мұратхан Қалиалан, 2-орынды Өмірбек Қуанышбек және 3-орынды Жұман Қанай өзара бөлісті.

http://www.syrboyi.kz/

25 тамыз 2018 ж. 1 476 0