Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК СТРАТЕГИЯСЫ

ГЕНДЕРЛІК ТЕҢДІК СТРАТЕГИЯСЫ


Сырдария аудандық сотында «Гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстел жұмысына БАҚ үйлестіруші судья Ж.Жолдасов және кеңсе мамандары қатысты.
БАҚ үйлестіруші судья Ж.Жолдасов өз баяндамасында ер және әйел адамдардың құқықтары мен мүмкіндіктерінің теңдігіне қол жеткізу жөніндегі міндеттердің шешілуін көздейді. Қазақстан Республикасында Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру әйелдер мен ерлердің өздерінің өмір сүру құқықтарын жынысқа байланысты кемсітусіз іске асыруы үшін жағдай жасауға ықпал ететін болады. Гендерлік теңдік – бұл ерлер мен әйелдердің мінез-құлқын, сондай-ақ олардың арасындағы әлеуметтік өзара қарым қатынасты айқындайтын, әлеуметтік және мәдени нормалары мен рөлдерінің жиынтығы екендігін атап өтті.
Елбасының Жарлығымен бекітілген Гендерлік теңдік стратегиясы ер азаматтар мен әйел адамдардың билік құрылымдарындағы қызметті тең басқаруға, экономикалық тәуелсіздік үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге, бизнесті дамытуға, қызмет бабында көтерілуге және отбасында құқықтар мен міндеттерді бірдей жүзеге асыруға бағытталған.
Дөңгелек үстелге қатысушылар әйел адамдардың отбасылық–тұрмыстағы зорлық, сондай ақ неке бұзу және алимент өндіріп алу туралы істер бойынша құқықтарын қорғау тақырыптарын талқылады.
Меңдігүл АСАН
Сырдария  аудандық  сотының
баспасөз хатшысы
10 қазан 2018 ж. 1 126 2

Гость JeaOrer от 17 ақпан 2019 16:23
Viagra Online Offerte Order Alli cialis tablets for sale Prix Propecia Nancy

Гость JeaOrer от 8 наурыз 2019 07:43
Amoxicillin Compare Bactrim Ds Como Conseguir Viagra Sin Receta Medica http://kamagpills.com Cialis Sin Receta Need Direct Amoxicilina Canada Cheapeast Cash On Delivery