Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » 4000 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ АУДАНДА НЕМЕН АЙНАЛЫСАДЫ?

4000 МЫҢҒА ЖУЫҚ АДАМ АУДАНДА НЕМЕН АЙНАЛЫСАДЫ?

Қазақстан Республикасында әлеуметтік тәуекелдердің туындауына байланысты жоғалтқан табысының бiр бөлiгiн өтеу үшiн халықты әлеуметтік қорғаудың қосымша нысаны ретінде міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі енгізіліп, жұмыс берушілер жалдамалы жұмысшыларға және өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғалар табыстарынан әлеуметтік аударымдарды төлеуде.
Міндетті әлеуметтік сақтандырудың негізгі мақсаты халықтың әл-ауқатын арттыру болып табылатын әлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесінің қосымша деңгейі болып табылады.
Әлеуметтік аударымдар «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ шоғырландырылып, Қор активтерінен әлеуметтік қатер туындағанда, міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларына әлеуметтік төлемдер тағайындалып, төленуде.
Әлемге мемлекет атын танытатын спортшылардың ерен еңбегі туралы талай айтылып та, жазылып та жүр. Қарапайым ауыл баласы өзі туып-өскен жерде спорттың алғашқы сатысына шығып, бірінші белестерін бағындырады. Спорттық жарыстың додасында тер төгіп, бақ сынайды. Жетістіктерді бағындырған спортшының аты алдымен ауылына танылса, бірте-бірте аудан, облыс, республика қала берді әлемге белгілі бола бастайды. Ұзақ жылғы жаттығу мен қажырлы еңбек осылайша ел атын әлемге мәшһүр етеді. Біздің тәуелсіз мемлекетіміздің атынан халықаралық аренада бақ сынап, айды аспанға шығарып жүрген спортшылар жетерлік. Солардың арасында Сыр елінің мықты спортшыларының орны да ерекше. Олимпиадалық ойындарда алтыннан алқа таққан майталман спортшылар бүгінгі жастарға үлгі-өнеге. Олардың әрбір жетістігі кезінде Мемлекеттік Ту көкке көтеріліп, Гимн орындалады. Бұл құрмет – ел президенттері мен спортшыларға ғана бұйырылған бақыт. Сондықтан ел намысын абыроймен арқалап жүрген спортшыларымыздың мерейі үстем, мәртебесі асқақтай берсін деген тілектеміз.
Ауданда дене шынықтыру мен спортты дамытудың негізгі көрсеткіші ол – тұрақты дене шынықтыру және спортпен шұғылданушылар санын ұлғайту екені белгілі.
Елбасы Жолдауын жүзеге асыру мақсатында 2020 жылға қарай спортпен тұрақты шұғылданушыларды 30 пайызға жеткізу жоспарланған. Қазіргі таңда ауданда тұрғындарының спортпен шұғылдануына түрлі деңгейдегі 130 спорт нысандары жұмыс жасайды. 2018 жылы Ақжарма ауылында спорт кешенінің құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген болатын. Спорт кешенінде (2 волейбол, 2 қазақ күресі, футбол бөлімшелерінде) 200-ге тарта ауылдың жасөспірімдері мен жастардың спортпен шұғылдануларына мүмкіндік жасалған. Бесарық елді-мекенінде «Абай Даулет» шаруа қожалығының демеушілігімен дзюдо, таеквондо бөлімшелері ашылып, 100-ден аса жасөспірімнің шұғылдануына мүмкіндік берілді. Аталған шаруа қожалығы жаттықтырушылар және спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз еткенін айта кеткен жөн.
Сондай-ақ «Қор-Мұнай» компаниясы аудан әкімінің қолдауымен кент орталығынан спорт алаңы мен тренажер қондырғылары бар алаң салған. Осы жылдың аяғына дейін стрит воркаут, стритбол алаңдарының құрылысы жүргізіліп, жастар игілігіне берілмек.
Бұқаралық спортты дамыту үшін 2019 жылға мемлекеттік - әлеуметтік тапсырыс шеңберінде бюджеттен 11,1 млн теңге бөлініп, 26 спорт нұсқаушысы 13 елді мекенде 4000-ға жуық аудан тұрғынын бұқаралық спортқа тартса, оның ішінде 2000-ға жуығы жасөспірім.
Аталған нұсқаушылар кешкілік уақытта облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы мен аудан әкімдігі арасында жасалынған меморандум аясында білім беру ұйымдарының спорт ғимараттарын сабақтан тыс және кешкі уақытта жас¬тар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру және спортпен шұғылдануларына пайдаланып келеді.

Марат ЕРТАШОВ,
аудандық дене шынықтыру және спорт
бөлімінің басшысы
17 тамыз 2019 ж. 549 0