ӘЛЕУМЕТТІК САЛА ӘЛЕУЕТІ
Аптаның сәрсенбісінде аудан әкімдігінің мәжіліс залында әлеуметтік саладағы енгізілген бірқатар өзгеріске байланысты облыстық мобильдік топпен кездесу өткізілді.
Топ құрамында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы Ж.Дәулетбаева, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көшіқон комитетінің Қызылорда обылысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Л.Боранбаева, Қызылорда облысы бойынша «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалының директоры Г.Денеева, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциалық емес акционерлік қоғамы Қызылорда облысы бойынша филиалының бас сарапшысы А.Рахымов, облыстық еңбек саласындағы бақылау басқармасының бөлім басшысы – С.Әлшоразова, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының бөлім басшысы А.Есетов болды. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов ашып, жүргізіп отырды.
Кездесу барысында Ж.Дәулетбаева «Бірыңғай жиынтық төлемнің енгізілуі, жұмыспен қамту саласындағы бірқатар жаңалықты, электрондық еңбек биржасы туралы мәлімдеді. Жалпы алғанда бірыңғай жиынтық төлем тұлғаның әлеуметтік қорғалуыңызды қамтамасыз ететін оңайлатылған режимі болып табылады. Аталған режим біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры, жеке табыс салығы секілді төлемнің 4 түрін қамтиды. Медициналық сақтандыру (МӘМС), Әлеуметтік төлемдер, еңбек ету қабілетінен айырылу, асыраушысынан айырылу, жүктілігіне және босануға іспетті мүмкіндікке ие болады. Аталған төлемді жүргізу барысын сала маманынан нақты білуге болады. Өз кезегінде Л.Боранбаева базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесінің өзгеруі, әйелдердің зейнетке шығу жасының ұлғайтылуы хақында тілге тиек етті. Базалық зейнетақының негізгі міндеті мен алғышарты кеңінен айтылды. Қазіргі таңда әйелдердің зейнеткерлік жасын кезең-кезеңімен арттыру жыл сайын жүзеге асып келеді. Бұл ретте аталған бағдарлама шеңберінде әйелдерді 2027 жылға дейін көшіру жоспарланған. Сонымен қатар міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі жайлы және 2019 жылға енгізілген басты өзгерісті жеткізу мақсатында Г.Денеева айтып берді. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне өзгеріс енгізілуі, саладағы артықшылығы айтылды. Бұдан кейін А.Рахымов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жергілікті тұрғындарға тиімділігін түсіндірді. Сонымен қатар, аталмыш жүйенің арқасында тұрғындар кез келген емхананы таңдай мүмкіндігіне ие болады. Елбасының Жолдауына сәйкес жалақының көбеюі мен электрондық еңбек шарты, жалпы алғанда еңбек саласындағы бірқатар жаңалықты С.Әлшоразова егжей-тегжейлі айтып берді.
Жиын қорытындысында аудан әкімінің орынбасары Е.Ахетов жоғарыда айтылған кез-келген жүйе жұмысының жүйелігін қамтамасыз ету керектігін жеткізді. Тиісті әрбір сала маманы көкейдегі сауалын қойып, тұщымды жауап алды.
Б.ОРДАБЕКОВ