Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА КІМДЕР МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ?

ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА КІМДЕР МАРАПАТҚА ИЕ БОЛДЫ?

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Тамыз конференция­сы өтті. шараға еліміздің түкпір-түкпірінен 2 мыңнан астам мұғалім қатысты.
Педагогтар конференция барысында білімді жаңғырту бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірлеп, білім беру жүйесінің мазмұнын жаңғырту аясында оны дамытудың негізгі бағыттарын айқындады.
Сонымен қатар мұғалімдер білім сапасын арттыру және тәлім-тәрбие басымдықтары негізінде білім беру жүйесін жаңғыртудың проблемалы мәселелері мен келешегін талқылады. Жиын аясында отандық білімді дамытудағы ерен еңбегі мен белсенді қоғамдық қызметі үшін бірқатар педагог «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен, ҚР Президентінің алғыс хатымен, «Ы.Алтынсарин» және «Білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісімен марапатталды.
Айта кетерлігі, 2019-2020 оқу жылында 4, 9 және 10 сынып оқушылары жаңартылған мектеп бағдарламасына көшеді. Сонымен қатар биыл 10 сынып оқушылары «Кәсіпкерлік пен бизнес негіздері» пәнін оқи бастайды. Білім және ғылым министрлігінің мәліметінше, оқушылардың бұл пәнді оқуы оларға болашақта мамандық таңдауына септігін тигізеді.

«Тт» ақпарат

17 тамыз 2019 ж. 1 653 0