Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ЖАҢАЛЫҚТАР МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ АРТТЫ

ТАМЫЗ КЕҢЕСІ: ЖАҢАЛЫҚТАР МЕН ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖҮГІ АРТТЫ


Еліміздің бас қаласы Астанада білім қызметкерлерінің дәстүрлі тамыз конференциясы өтті. Алқалы жиынға еліміздің түпкір-түпкірінен келген педагогтар қатысты. Тамыз кеңесін ашып, сөз алған Білім және ғылым министрі Е.Сағадиев жаңа оқу жылының негізгі міндеттері туралы айтты. Елбасы Н.Назарбаев: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі ең алдымен оның білім деңгейіне қарай айқындалады» деп атап өткендей білім саласына қойылатын жауапкершілік пен талап артып, сәйкесінше ұстаздардың жағдайы жақсарды.
Министр өз сөзінде мектепке дейінгі білім мен тәрбие жаңаша деңгейге көтерілген. Бұл жекеменшік ба­ла­бақша үлесінің артқанымен тү­сіндіріледі. Республикада бала­бақ­шамен қамту 93%-ға жеткен. Бүгінгі таңда 0-ші сынып мұғалімдерін дайындау мен латынша «Әліппе» оқулықтарын дайындау қолға алынуда. Биылғы жылдың жаңалығы 3 сынып оқушылары «Информатика» пәнін оқыса, келер жылы 1-2-ші сыныпқа енгізу жоспарланған. Мұғалімдерді қағазбастылыққа салғызбау мақсатында, министрлік алғаш рет педагогтардан сұралатын 5 құжатты бекітті. Бес құжат дегеніміз – журнал, күнделік, балаларды сумативті-формативті бағалау, күнтізбелік және пәндік жоспар. Мұнан басқа мұғалімдер құжаттар толтыруға міндетті емес.
Мұғалімдердің жалақысы туралы айтқан министр Е.Сағадиев жаңартылған білім беру мазмұны бойынша сабақ беретін мұғалімдердің жалақысы 30%-ға көбейгенін айтты.
Сондай-ақ қосымша ақы аттестаттаудың жаңа жүйесінен өткен педа­гогтарға төленеді. Ресми мәлімет бойынша аттестаттауға 60 мыңға жуық мұғалім қатысып, оның 36 мыңнан астамы өткен. Аттестаттаудан өтпеген мұғалімдер биыл қайта тапсыратын болады.
Білім беру саласындағы шешімін таппай отырған мәселе – ол елімізде үш аусымды және апатты мектептердің болуы. Оның басты себебін министр демография және миграциямен түсіндірді.
Биылдан бастап министрлік жоғарғы оқу орындарына талапты күшейткен. Мемлекеттік грант санының өсуімен, жоғарғы оқу орындарына жауапкершілік артады. Жоғарғы оқу орындарының рейтингісі жас мамандардың жұмысқа орналасуымен бағаланбақ. Көрсеткіш төмендесе, мамандыққа берілген лицензия қайтарылады.
Тамыз кеңесінде ұстаздар өз ой-пікірлерін айтып, жаңартылған білім бағдарламасының артықшылықтарын ортаға салды. Кеңеске жиналғандар арнайы кітап көрмесімен танысты.

Дайындаған Б.ЖАНӘЛІ

22 тамыз 2018 ж. 3 459 2

Гость JeaOrer от 24 ақпан 2019 09:12
Contraindicaciones Cialis Cialis 10 Efficacite generic cialis canada Canada Pharmacies Online Shop Prednisone Online

Гость JeaOrer от 13 наурыз 2019 11:22
Cialis From Canadian Pharmacy Online Want To Buy Macrobid. Discount Fedex Direct Macrobid 100mg No Script Needed. Macrobid Worldwide Shop buy viagra Comprar Viagra En Barcelona En Mano