ГРАНТҚА ТҮСКЕН ЖАС ТҮЛЕКТЕР ҚОСЫМША СЫЙЛЫҚҚА ИЕ БОЛАДЫ

Еліміз бойынша мемлекеттік гранттың қорытындысы жарияланбас бұрын ауылдағы игі істердің бастамашысы, белгілі меценат, «Асқар Тоқмағанбетов ЛТД» ЖШС директоры Меңдіғали Есжанов ауыл әкімдігінде округ әкімі Ғабдолла Алданазаровпен бірге мектеп түлектерін қабылдады. Ауыл басшылары жастарға жарқын тілектерін арнап, шаруашылық атынан түлектердің әрқайсысына заманауи «Smart watch Q7 Sp» сағатын тарту етті.
Түлектер сенім мен үмітті ақтап, еліміздің түрлі ЖОО-ның студенті атанды.
Шаруашылық басшысы М.Есжанов жыл сайын мектеп түлектерін, ауыл жастарын қолдап, олардың аңсаған армандарына жетуіне демеу білдіріп келеді. Бұл ұлттың болашағын қалыптастыруға қызмет етпекші.
Ш.БАЛТАБАЙҰЛЫ