Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ОРТАҚ МІНДЕТ

ОРТАҚ МІНДЕТ

Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі таңда күрделі мәселесіне айналып отыр. Сыбайлас жемқорлық – бұл қызмет дәрежесін жеке мақсатта пайдалану. Оған ақша, валюта, бағалы металлдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдар, автокөліктер, пәтерлер, тұрмыстық техника, жер учаскелері, өзге де жылжымайтын мүліктер мен қызмет түрлері – емделу, құрылыс жұмыстары, санаторлық және туристік жолдамалар басқа да шығындарды өтеусіз немесе жеңілдікпен төлеу.
ҚР Сыбайлас жемқорлықты алдын алу және болдырмау мақсатында арнайы Заңдар қабылданған. Атап айтар болсақ, ҚР 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V ҚРЗ Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл туралы Заңда және ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Ар-намыс кодексі бұған жол бермеудің басты құжаты.
Негізі, жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет. Сыбайластықпен күрес бағытында барлық мемлекеттік мекемелерде қарқынды жұмыс жоспары жасалып, оң нәтиже беріп келеді. Қазіргі кезде мемлекеттік мекемелерде жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесі, сенім телефоны, хаттар мен жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне, арыз шағымына арналған пошта жәшігі орналасқан. Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақыттағы этикасын бақылау мақсатында әр қала, облыс, республика көлемінде әдеп жөнінде уәкілдер жұмыс жасауда.
Осы тұрғыда, аудандық қазынашылық басқар­масының қызметкерлерінің алға қойған мақсаттарының бірі де бірегейі – сыбайлас жемқорлықты алдын алу және болдырмау. Басқармада бекітілген стратегиялық жоспар бойынша әр тоқсан сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізетін құзырлы органдармен дөңгелек үстелдер, кездесулер өткізіліп, БАҚ-та сыбайлас жемқорлыққа қарсы мақалалар жарияланып тұрады.
Қорыта келе, жемқорлыққа қарсы күресті жан-жақты, үздіксіз, ашық және әділетті түрде жүргізілуі тиіс. Қоғам болып күрескенде ғана сыбайлас жемқорлыққа төтеп бере аламыз.

Ғалия БАЛЖАНОВА,
аудандық қазынашылық басқармасының
«Төлемдерді алдын ала бақылау және өткізу»
тобының бас маман бас қазынашысы
30 сәуір 2019 ж. 623 0