Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ОТАН – ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

ОТАН – ОТБАСЫНАН БАСТАЛАДЫ

Баланың адам болып қалыптасуы ең алдымен отбасындағы тәрбиеге байланысты. Отбасы бала қалыптасатын орта болғандықтан, ол жат қылықтардан жирендіретін, дұрыс жолға бағыттайтын тірек, алғашқы тәрбие мектебі болып табылады. Сондықтан да жасөспірімдердің адамға, қоғамға, жалпы мемлекет пен ұлтқа көзқарасы ата-ананың көрсеткен тәлім тәрбиесіне байланысты қалыптасады.
 Қазақта «Отан - от басынан басталады» деген тамаша сөз бар.Қашаннан шаңырағының шайқалмауын тілеген ұлтпыз. «Шаңырағын биік, керегең кең, босағаң берік болсын»- жастар отау тіккенде міндетті түрде айтылатын тілек. Бұл жай ғана тілек емес, оның астарында отбасын берік ету арқылы мемлекеттің мығым болуына үлес қосуға үндеу жатыр. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, ұл қызды еңбекке баулу, отаншылдыққа, елжандылыққа тәрбиелеу. Мұның бәрі «кіші мемлекет» саналатын отбасындағы үздіксіз жүргізіліп отыратын, атадан балаға мұра болып келе жатқан тәрбие мектебі. Осының бәрі әрбір кіші мемлекетте салтанат құрса, онда үлкен мемлекеттің іргесі беки түсетіні даусыз.
   
Сырдария аудандық сотының
бас  маман –аға сот жасауылы
Ж.Сырғабаева

30 шілде 2019 ж. 5 355 0