Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 25 газет

07 сәуір 2026 ж.

№ 24 газет

04 сәуір 2026 ж.

№23 газет

31 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 
» » ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ОТБАСЫ

ТАТУЛЫҒЫ ЖАРАСҚАН ОТБАСЫ

Отан – отбасынан басталады. Отбасы шағын ғана мемлекет болғандықтан жанұяның берекелі бірлігі мен тірлігі әр баланың болашағына ықпал етеді. Сол себепті де отбасы – қоғамның іргетасы, ажырамас бөлігі саналады. Елбасының «Отанға деген ыстық сезім – жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген сөзі бар. Яғни, азаматтық қоғамның бір бөлшегі болып саналатын жанұя – барлық тәрбиенің ошағы.
Отбасылық құндылықтарды насихаттау мақсатында ұйымдастырылатын «Мерейлі отбасы» байқауы биыл ауданда алтыншы рет өткізіліп отыр. Биылғы сайысқа 15 отбасы қатысуға өтінім білдірді. Үлгілі отбасыларды жұртшылыққа танытып, жүріп өткен жолдарын, тәжірибесін қоғамға насихаттау, олардың қатарын көбейту мақсатындағы байқаудың іріктеу кезеңінен жеті отбасы өткен. Аудандық мәдениет үйіндегі шарада аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Мырзахметова сөз сөйлеп, үлгілі жанұяларды құттықтады. Одан кейін шара концерттік бағдарламаға ұласып, ана, Отан, отбасы тақырыбында әндер шырқалды.
Арнайы жасақталған комиссияның шешімімен республикалық байқаудың облыстық кезеңіне Сырдария ауданы атынан төрт отбасы ұсынылды. Олар Оразов, Есқараев, Құланшиев және Оспановтар әулеті. Татулығы мен бірлігі жарасқан отбасыларға сәттілік тілейміз.

Майя ҚОЖАБАЙ
03 мамыр 2019 ж. 3 199 0