ОТБАСЫ — АДАМ БАЛАСЫНЫҢ ӨСІП-ӨНЕТІН АЛТЫН ҰЯСЫ
Адам үшін ең жақын әлеуметтік орта ол – отбасы. Отбасы – белгілі бір дәстүрлердің, жанға жағымды өнегелердің, асыл мұра мен қаймағы бұзылмаған салт-дәстүрдің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.
Отбасы — адам баласының өсіп-өнер алтын ұясы. Адамның өміріндегі ең қуанышты қызық дәурені осы отбасында өтіп жатады. Бала өмірінің алғашқы күнінен бастап ата-ана өздерінің негізгі борыштарын — тәрбие жұмысын атқаруға кіріседі.
Отбасы құқығы некелесу, туыстық, бала асырап алу және баланы отбасы тәрбиесіне қабылдаудың басқа да нысандарына орай, пайда болатын, яғни отбасы қатынастарын, өзіндік және соған байланысты мүліктік қатынастарды, яғни отбасы қатынастарын реттейтін құқық саласы болып табылады. Отбасы құқығын құрайтын қоғамдық қатынастар өзіндік (мүліктік емес) немесе мүліктік болуы мүмкін. Мүліктік және өзіндік құқықтың басқа да саларының бірінші кезекте азаматтық құқықты реттейді. Бірақ, аталған қатынастардың басымдығы, бір жағынан, азаматтық құқықта, екінші жағынан, отбасы құқығында бірдей емес. Азаматтық құқықтың негізгі міндеті мүліктік қатынастарды реттеу болып табылады. Ол өзіндік қатынастарды, олар мүліктік қатынастардан туындайтын болса немесе қандай да болмасын өзіндік қатынастарды реттеу туралы арнайы нұсқау болса ғана реттейді.
Отбасы, әлеуметтік институт болғандықтан, сөзсіз, қоғамның ықпалында болады. Отбасының өзгеруінің заңдылығы жалпы қоғамда болып жатқан өзгерістермен бағыттас. Сондықтан қазіргі кездегі отбасының жағдайын түсіну үшін және оның дамуының болашағын бағалау үшін бүкіл қоғамдық өмір мен бұқара санасында болған түбегейлі өзгерістерді ескеру керек.
Баланың адамдармен қарым-қатынас жасауы, қоғамға енуі отбасынан басталады. Сондай-ақ, отбасының баланың дамуы мен қальштасуы процесіндегі ролі де ерекше. Отбасында тұрмыстың белгілі жағдайлары жасалады, мәдени орта қалытасады, сезімдік күй орнығады.
Ж.ЖОЛДАСОВ,
Сырдария аудандық сотының судьясы,
Заңгерлер Одағының мүшесі
Заңгерлер Одағының мүшесі