Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№42 газет

06 маусым 2026 ж.

№41 газет

02 маусым 2026 ж.

№40 газет

30 мамыр 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

ЖАСӨСПІРІМДЕРГЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ КЕҢЕС БЕРІЛДІ

Сырдария аудандық полиция бөлімінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылық оқиғаларын болдырмау  және олардың уақытын тиімді пайдалану мақсатында «Жалын» тынығу лагері тынығушыларымен акция өтті.
Іс-шара барысында кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасында құқықтық кеңестер беріліп, судағы қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Құқық қорғау саласының мамандары, оның ішінде ювеналды полиция қызметкерлері акцияға қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сала мамандары құқық бұзушылыққа жол бермеу керектігін атап өтті.

Сонымен бірге лагерь тынығушылары арасында спорттық сайыстар өткізілді. Кәмелетке толмағандар арасындағы мұндай шара ағымдағы жылдың 26 шілдесі мен 1 тамыз аралығында жасөспірімдердің бос уақытын тиімді пайдалану және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында ұйымдастырылып отыр.
30 шілде 2019 ж. 1 094 0