АУДАНДА ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ КӨЛЕМІ 12 ЕСЕГЕ ҰЛҒАЙДЫ
2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша ауданда бөлшек сауда айналымының нақты көлемі 2019 жылдың қаңтар-маусымында 643,2 млн.теңге болып, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,5 % құрады.
2019 жылдың 1 шілдесіне 2200 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелді. Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1969 болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19,0 процентке өскен.
Жұмыспен қамтылған адам саны 5294 болса, жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелгендерге үлесі 89,5 пайызды құрап, жыл басымен салыстырғанда 1,4 процентке артты.
Ағымдағы жылдың қаңтар-маусым айында аудан экономикасына 32918,0 млн.теңге негізгі капиталға инвестиция тартылып, 144,3 процентке ұлғайды.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 12 есеге ұлғайып, 11383,0 млн.теңгені құрады. 2019 жылдың 6 айында 6794 шаршы метрге тұрғын үй салынып, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,5 процентке өсті.
2019 жылдың 6 айының қорытындысымен аудан бюджетінің түсімдері 5598,3 млн.теңгеге немесе 101,3% орындалды. Оның ішінде өз кірістердің жоспары 101,9 % орындалып отыр.
Аудан бюджетінің шығындар жоспары ағымдағы кезеңге 100% орындалды. Тиісті кезеңде аудан бюджеті 100 процентке игерілді.
Cырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.