Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ДАМУДЫҢ ОҢ ДИНАМИКАСЫ ҚАЛЫПТАСТЫ

ДАМУДЫҢ ОҢ ДИНАМИКАСЫ ҚАЛЫПТАСТЫ

Сырдария ауданында 2019 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытын­дысы бойынша әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі бағыттарында оң өсім байқалды. Дұрыс үйлестірілген жұмыстардың нәтижесінде өн­ді­рілген өнім көлемі ұлғайып, ауыл шаруашылығы, шағын және орта бизнестің дамуы мен мемлекеттік бюджетке түсімнің өсуі аудан әлеуетінің артуына оң серпін берді.
2019 жылдың қаңтар-маусым айында ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 720,0 млн.теңгенің өнімін өндірді. Бұл 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда көрсеткіштің 18,9 процентке өскенін білдіреді. Ал өңдеу өнеркәсібінде 491 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2018 жылғы тиісті деңгейге қарағанда нақты көлем индексі 124,0 процент болып отыр.
Ауыл шаруашылығы саласында да жүйелі жұмыс­тар жүргізіліп, жоспарлар артығымен орындалуда. Мәселен, бірінші жартыжылдық қорытын­дысы бойынша ауылшаруашылығы саласы­ның жалпы өнім көлемі 2028,1 млн. теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 101,1 процентті құрады. Ауданда ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру бойынша нақты жұмыстар жүргізіліп, 33 525 гектар жерге ауыл шаруашылғы дақылдары, оның ішінде күріш – 20 880 га, жаздық бидай – 1728 га, мақсары – 300 га, сүрлем жүгері – 10 га, жаңа жоңышқа – 3019 га, ескі жоңышқа – 6700 га, картоп, көкөніс, бақша өнімдері – 830 га орналастырылды. Есепті мерзімде өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара басының саны 102,7% (35579 бас), оның ішінде сиыр – 102,8 % (17880 бас), жылқы – 105,3 % (14549 бас), түйе – 107,9% (1286 бас), қой мен ешкі – 99,9% (32100 бас), құс – 101,8% (12335 бас) болып отыр. Сондай-ақ мал шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша есепті кезеңде ет өндірісі 1,3%-ке (1388,9 тонна), сүт өндірісі 1,1%-ке (2663,5 тонна), жұмыртқа 2,1%-ке (69,3 мың дана) ұлғайды.
Бөлшек сауда айналымының нақты көлемі 2019 жылдың қаңтар-маусымында 643,2 млн.теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,5% құрады. 2019 жылдың 1 шілдесіне 2200 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі тіркелді. Жұмыс істеп тұрған кәсіп­керлік субъектілерінің саны 1969 болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 19 процентке өскен. Жұмыспен қамтылған адам саны 5294 болса, жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелгендерге үлесі 89,5 пайызды құрап, жыл басымен салыстырғанда 1,4 процентке артты.
Осы жылдың қаңтар-маусым айында аудан экономикасына 32918,0 млн.теңге негізгі капиталға инвестиция тартылып, 144,3 процентке ұлғайды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 12 есеге ұлғайып, 11383,0 млн.теңгені құрады. 2019 жылдың 6 айында 6794 шаршы метрге тұрғын үй салынып, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,5 процентке өсті.
2019 жылдың 6 айының қорытындысымен аудан бюджетінің түсімдері 5598,3 млн. теңгеге немесе 101,3% орындалды. Оның ішінде өз кіріс­тердің жоспары 101,9 % орындалып отыр. Аудан бюджетінің шығындар жоспары ағымдағы кезеңге 100% орындалды. Тиісті кезеңде аудан бюджеті 100 процентке игерілді.

Сырдария ауданы әкімінің
баспасөз қызметі

20 шілде 2019 ж. 882 0