СЫРДАРИЯДА АҒЫМДАҒЫ ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА 385 ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІ ТІРКЕЛІП, КӨРСЕТКІШ 66,6 ПАЙЫЗҒА АРТТЫ
Сырдария ауданы бойынша үстіміздегі жылдың 9 айында 385 шағын кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 66,6 пайызға артты. Бұл туралы облыс әкімдігінде өткен мәжілісте аудан әкімі Ғанибек Қазантаев мәлімдеді.
Аудан бойынша үстіміздегі жылдың 1 қазанына 2167 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелген.
Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1751. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің саны 17,0 пайызға артты.
Жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілерінің тіркелгендерге үлесі 80,8 пайызды құрап, жыл басымен салыстырғанда 7,3 пайызға өсті. Жұмыспен қамтылған адам саны 5284. Бұл экономикалық белсенді халық санына шаққанда 29,2 пайызды құрайды.
Жалпы, Сырдария ауданында жаппай кәсіпкерлікті дамыту, ауданның жұмыссыздық деңгейін түсіру бағытында кешенді жұмыстар атқарылуда.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір 2