Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫРДАРИЯДА ТІРКЕЛГЕН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНЫ 2,3 %-ҒА ӨСТІ

СЫРДАРИЯДА ТІРКЕЛГЕН КӘСІПКЕРЛІК СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ САНЫ 2,3 %-ҒА ӨСТІ

Сырдария ауданы бойынша 2019 жылдың 1 наурызына 2120 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 2,3 пайызға өсті.
Жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағытында қабылданған "Жол картасы" бойынша кент және ауылдық округтерге тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Бүгінде «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының екінші бағыты аясында «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ы арқылы Бесарық ауылдық округі бойынша құны 9,5 млн.теңгені құрайтын 3 жоба қаржыландырылды.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 2019 жылы Тереңөзек кенті бойынша құны 154,9 млн.теңгені құрайтын 2 жоба және Қалжан ахун ауылдық округі бойынша құны 9,2 млн. теңгенің 1 жобасы екінші деңгейлі банкттің оң шешімін алып, қаржыландырылды.
«Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы бойынша 2019 жылдың 14 наурызында өткен бақылау кеңесінің қарауына құны 181,0 млн.теңге құрайтын 35 жоба ұсынылып, құны 60,0 млн.теңгенің 16 жобасы кеңестің оң шешімін алды.
«Бизнес кеңесші» жобасы бойынша ауданда 2019 жылы 100 адамды оқыту белгіленсе, қазіргі таңда 25 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылып, сертификаттарын алды.
Ал, «Бастау бизнес» жобасы бойынша ауданда ағымдағы жылы 80 адамды оқыту жоспарланып, бірінші кезең бойынша 45 адам тестілеуден өтіп, оқытылуда.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
14 сәуір 2019 ж. 835 0