СЕРПІНДІ СЫРДАРИЯ: АЙМАҚТЫҢ АЛДЫҢҒЫ ҚАТАРЫНДА
Дария бойын жағалай орналасқан ауданның даму қарқыны жоғары. Оны соңғы жылдардағы атқарылған жұмыстардан анық білуге болады. Олай дейтініміз, әр салада дамудың оң динамикасы қалыптасып, қарышты дамудың жолына түсті. ауданда айшықты істер жасалып, халықтың тұрмыс деңгейі жақсарды. бір сөзбен айтқанда, серпінді сырдария – айтулы істерімен танылған аймақтағы алдыңғы қатарлы аудан.
40 мыңға жуық халқы бар ауданда бүгінгі таңда ауқымды істер атқарылуда. Соңғы жылдардың көлемінде барлық мәселе кезегімен шешімін тауып, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытында атқарылып жатқан ілкімді істер жетерлік. Мәселен, соңғы жылдары аудан ата кәсіп саналатын ауыл шаруашылығы саласы бойынша алдыңғы қатарда келе жатыр. Оның ішінде, Сыр салысы – күріштен мол өнім жинап, қамбаны астыққа толтыруда. Егін егу бойынша аймақтың рекордтық жетістіктерге жетуіне қомақты үлес қосуда.
Одан бөлек, әлеуметтік салаға басымдық беріліп келеді. Атап айтқанда, ауданда әлеуметтік нысандар мектеп, балабақша, мәдениет үйі барлық елді мекенде жаңарды. Тіпті, осы әлеуметтік нысандардың кейбірі аудандық бюджет есебінен салынды. Мұның өзі үлкен жетістік. Сондай-ақ, ауыз су мәселесі толық шешілген. Жыл сайын халықты тұрғын үймен қамту мәселесі де оң шешім табуда. Осының бәрі аудан халқының ауызбірлігінің арқасында және қандай іске болса да бір кісідей жұмыла білуінің нәтижесінде жүзеге асуда.
Ауданда жыл сайын инвестиция тарту жұмыстары жүйеге қойылған. Соның арқасында ауданның әлеуеті артып, өркендеу жолын қалыптастырған. Өнімділік те ұлғайып, жыл сайын жақсы нәтижеге қол жеткізіліп келеді.
Биыл да ауданның табысы еселене түсетініне сенім мол. Есепті кезеңде ауданның барлық саласында өсім байқалады. Мәселен, үстіміздегі жылдың қаңтар-наурыз айында ауданның өнеркәсіп орындары қолданыстағы бағамен 338 млн. теңгенің өнімін өндірді. Бұл өткен жылдың қаңтарындағы деңгейіне қарағанда 119,2 пайызды құрады.
Өңдеу өнеркәсібінде 231 млн. теңгенің өнімі өндіріліп, 2018 жылдың тиісті деңгейге қарағанда нақты көлем индексі 124,8 пайыз болып отыр.
Сонымен бірге, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 983,8 млн. теңгені құрап, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 100,8 пайызды құрады.
Аудан экономикасына 7324 млн. теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 133,6 пайыз болып отыр. Ауданда 2435 шаршы метрге тұрғын үй салынып, 2018 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 108,2 пайызға артқан.
Демек, әрбір салада жүйелі жұмыс жасалып, ауданның табыс деңгейі артуда деген сөз. Мұның ел әлеуетінің нығаюына ықпалы зор.
Ердос СӘРСЕНБЕКҰЛЫ