Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » Жастар – болашақтың айнасы

Жастар – болашақтың айнасы

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты –
Қырандай күштi қанатты.
Мен жастарға сенемiн!
Ұлы ақын – Мағжан Жұмабаевтың осы бір керемет өлең жолдары әрбір өскелең жас ұрпақтың жүрегіне жол тауып, ісіне шабыт береді. Жастар – болашақтың айнасы! Өткен тарихымызды құрметтеп, бүгінгі күнге шынайы қарасақ, білімді, сауатты, иманды, іскер болып өсу әрбір жастың міндеті деп түсінемін. Сонда ғана болашақтың жарқын болып еліміздің көркейуі айдан анық.
Жастар жылы – жастарға біріншіден мүмкіндік, екінші жағынан жауапкершілік. Әрине, бұл жастар үшін – үлкен мәртебе. Мемлекет қолдауы өскелең ұрпақтың ертеңге деген сенімін арттырады. Кез келген мемлекеттің болашағы – білімді жастар. Көзі ашық, көкірегі ояу білімді ұрпақ өз Отанын дамыту жолында аянбай тер төгеді. Cол себепті, еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев жастарды білім жолына салып, түзу жолдан тайдырмай, санаға сәуле шашар оқу білімнің тізгінін ұстату мемлекет пен қоғамның міндеті деп біліп, жастардың білімі мен оқу-ағарту ісіне көңіл бөлді. Келешектің іргетасын қалау үшін, ең алдымен сол елдің жастарының саналы ұрпақ болып жетілуіне күш салу керек деп түсінгендіктен жастарға көптеген мүмкіндіктер беру үшін аянбай тер төкті.
Елбасымыз ұстанған бағытты әрі қарай жандыру әрбір жас азаматтың өз қолында. Ол үшін ең бастысы денсаулықты күтіп, салауатты өмір салтын ұстануы керек. Екіншіден, сауатты, сабырлы, иманды болып өсуі керек.Үшіншіден, өмірге деген көзқарасы түзу, алдына қойған мақсаты анық, қадамы нық болу керек.
Біз – жастар тәуелсіздікпен бірге өсіп-өнген құрдастарымыз! Жас, жасампаз елдің ұланымыз. Бүгінде белсенді жастар мемлекеттік қызметке өтіп, әрі қарай шыңдалып дамуға, өз ісін ашып, өзін-өзі дамытуымен, спорт, ғылым, шығармашылықпен және басқа да қызмет түрлерімен айналысуға толық мүмкіндіктері бар. Осыған байланысты еліміздің жастарына аға ұрпақтың жасампаз істерін жалғастыру жолында үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Алдағы уақытта тәуелсіздігіміздің тамырын тереңдетіп, Қазақстанды іргелі мемлекетке айналдыру біздің қолымызда. Сондықтан жастар қауымы уақыттың кез келген сынағына дайын болып, бәсекеге төтеп беруі керек. Санасы сергек, замандық технологияларды меңгерген Отанымыздың нағыз патриоттары ғана осындай сынақтардан сүрінбей өте алмақ.
Мемлекетіміздің әлем алдыңдағы абыройын одан әрі асқақтатып, тәуелсіздігін нығайту, елімізде асқақ руханият пен азаматтықты өркендету үшін жас ұрпағымыз ұлттық құндылықтардың қасиеттерінен сусындап өсіп, сол игі қассиеттерді өз бойларына дарытып, өмір тәжірбиесінде қолданса, еліміздің өркениетті ел қатарынан табылуына қосқан зор үлесі болар еді. Ал құндылықтар дегеніміз не? Құндылықтар – тәрбие мен оқытудағы адамгершілікке бағатталған идеялар. Әр халық ұрпағының қайырымды да адал, әділ де ер жүрек, үлкенді құрметтеп, кішіге қамқор, ар-ұяты мол, кішіпейіл болып өскенін қалайды. Ол үшін халық өзінің әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне арқа сүйейді. Халықпен бірге жақсылықты, үлкен жеңістерді, қиындықтарды біріге отырып, қарекет жасайтын жастарымыз көп болса, алдағы күндер жарқын болатынынна мен кәміл сенемін.
Жастар – кез келген қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Мен де тәуелсіз мемлекетіміздің сыйлаған мүмкіндіктерін пайдалана отырып, армандарыма жету жолында аянбай тер төгемін. Ақ халатты абзал жан атанып, жетістікке жетіп, елін сүйетін патриоты ретінде, еліме адал қызмет етіп, өз үлесімді қосуға асықпын. Ал қазіргі таңда жоспар құрып, өз арманыма жылжу үстіндемін. “Өсемін, биік армандарым бар. Болашағым нұрлы болуын қалаймын» дейтін азаматтарға, мемлекетіміз қазірден бастап жағдай жасап қойған. Сол мүмкіндікті тиімді пайдаланайық. Қорыта келгенде әрбір жас жүрек өзінің туған Отаны – Қазақстанын жанындай сүйіп, өсуі қажет. Сонда ғана жас ұрпақ бойында патриоттық сезім ұялап, келешегіміз кемелдене түспек. Елбасымыздың халыққа Жолдауында:” “Біздің ұрпақ алдында бабалар қол жеткізген игілікті сақтау, қайта қалпына келтірілген мемлекетімізді нығайту және дүниежүзілік қауымдастық талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілу міндеті тұр,” – деп, жастарға зор сенім мен үміт артып отыр. Сол сенімді ақтап, болашағымызды жарқын қылайық. Мен жастарға айтарым «Алдарыңда таудай талап тұр. Өмір заңғарлары үнемі биікке шығарады. Оған жету үшін талмай ізденіңдер!» – дер едім. Жастарға тоғышарлық, бойкүйездік дертінен аулақ, сергек, сезімтал болған жарасады.

Қ.Наршаева
02 шілде 2019 ж. 725 0