Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Ата-анасы өз міндеттерін орындамаған

Ата-анасы өз міндеттерін орындамаған

Сырдария аудандық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен азаматша Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша Ж.-ның қыздары А. және Х. 2026 жылғы 25 қыркүйекте  сағат 19:00 шамасында үйде тышқан уын жұтып қойып, ауруханаға көрінген. Яғни, азаматша Ж. ата-аналардың немесе заңды өкілдердің кәмелеттік жасқа толмаған балаларды қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ оларға күтім жасау және оларды күтіп-бағу жөніндегі шараларды орындамағаны анықталған.

Азаматша Ж. сотқа берген түсінігінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, әрекетіне өкінетінін, үйді жақында жалдамалы пәтерге алып енді орналасып жатқанын, өзі құнтақтаулы баласын қарап отырғанда, үй егесінің тышқан уын  асхана сөресіне салып кеткенін, оны екі қызының алып жегенін көріп, дереу ауруханаға алып барғанын, өзі қасақана жасамағанын  көрсеткен.

Сот қаулысына сай азаматша Ж. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 30 275 теңге көлемінде айыппұл салынды.


Сурет: Нұрболат НҰРЖАУБАЙ

Сырдария аудандық соты
30 қазан 2026 ж. 83 0