Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 31 газет

20 сәуір 2024 ж.

№ 30 газет

16 сәуір 2024 ж.

№ 29 газет

13 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » БӘСІ БИІК БІЛІМ БӘСЕКЕСІ

БӘСІ БИІК БІЛІМ БӘСЕКЕСІ

Сынақтан сүрінбей өту үшін талай оқушы жыл бойына білім деңгейін көтеру мақсатында барын салды. Қалаған мамандықтың иегері атануға талпынған жас түлектің негізгі бағыты айқын. Әркез ата-ана мен ұстаздан қолдау тапқан олардың көкейінде бәсі биік білім бәсекесінде алдыңғы қатардан көріну еді. Расында, көздерінде үміт оты жалындаған жас түлектің келешегіне үлкен үмітпен қарау – құптарлық жағдай.
Бұрнағы күні ауданнан аттанған оқушыларға көпшілік сәттілік тілеген болатын. Барлығы аудан мерейін асыратын ақжолтай жаңалықты естуді ерекше күтті. Жексенбі күні таңсәріден басталған ұлттық бірыңғай тестілеуден мүлт кетпес үшін сырдариялық оқушылар білім деңгейін саралады.
Жалпы алғанда, аудан мектептерінің орта мектеп курсын 2018-2019 оқу жылында 307 оқушы бітірді. Олардың 204-і (66,4 пайыз) ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға өтініш беріп, 3 оқушы ҰБТ-ға қатыспады. Оған себеп, бір оқушы Ресей университетінің грантын жеңіп алса, қалған екеуі денсаулығына байланыс­ты бас тартқан.
Негізінен аудан бойынша мектеп бітірушілердің 187-і қазақ тілінде, 14-і орыс тілінде сынақ тапсырды. Биыл аудан бойынша ҰБТ-ның қорытындысы орташа балл 88-ді құрады. Ал, шығармашылықпен 6 оқушы тапсырды. Бұл былтырғы жылғы орташа балмен салыстырғанда +2,98 баллға білім көрсеткішінің жоғарылағанын көрсетіп отыр. Бұл дегеніміз, ауданда білім саласы жылдан-жылға деңгейі өсіп келе жатқандығын айқындайды. Мұның барлығы аталған салаға көрсетілген қолдаудың нәтижесі екені анық.
Осы ретте оқушының биік белесті бағындыруға бірден-бір себепкер болған ұстаздардың кәсіби біліктілігі жоғары екендігі айқын дәлел.
25 маусым 2019 ж. 531 0