Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » 14 маусымға арналған ауа райы болжамы

14 маусымға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым бөлігінде найзағамен жаңбырлы тұрақсыз ауа райы сақталады, республиканың батысында және оңтүстік-батыстанда жауын-шашын болмайды.

Кей жерде найзағай,  желдің күшеюі, дауыл, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде дауыл болып, жел 15-20 м/с жетеді, бұршақ жаууы мүмкін.
Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола облысында дауыл болып, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. 

Атырау облысында жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл болады.
Маңғыстау, күндіз Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысында шаңды дауыл болады.
Күндіз Жамбыл облысының кей жерінде жел 15-22 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. 

Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, дауыл болып, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. 

Қостанай облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. 

Күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде қатты ыстық болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарының кей жерінде жоғары өрт қаупі сақталады.   

baq.kz
14 маусым 2019 ж. 363 0