Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 70 газет

16 қыркүйек 2025 ж.

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » 21 мамырға арналған ауа райы болжамы

21 мамырға арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр жауып, республиканың солтүстігінде түнде жауын-шашын болады. Кей жерде жел күшейіп, найзағай, тұман, дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін.

Батыста және және оңтүстік-батыста ауа райы жауын-шашынсыз болады. 

Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерінде тұман түседі, күндіз кей жерінде найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін, Ақмола, Қостанай облыстарында, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Түркістан облыстарының кей жерінде найзағай, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.
Қарағанды облысының кей жерінде найзағай, тұман түседі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда  облысында түнде, Жамбыл облысында күндіз кей жерінде найзағай түседі, кей жерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерінде бұршақ жаууы ықтимал. 

Маңғыстау, Павлодар облыстарында, күндіз Алматы, Атырау облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Алматы облысында найзағай болады.  
 
Түнде Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерінде 1-6 градусқа дейін, Қостанай, Қарағанды облыстарында 3 градус, Ақтөбе облысында 1 градус, Батыс Қазақстан облысында топырақ бетінде 1 градус үсік жүреді.

Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарының кей жерінде  өте жоғары өрт қаупі сақталады.

baq.kz
21 мамыр 2019 ж. 879 0