29 сәуірге арналған ауа райы болжамы
"Қазгидромет" РМК синоптиктерінің болжамына қарағанда еліміздің басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын жауады.
Кей жерінде тұман, жел күшеюі, найзағай сақталады, бұршақ жаууы мүмкін, күндіз оңтүстік-батыста шаңды дауыл болады.
Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с, кей жерінде екпіні 23-28 м/с күшеюі мүмкін, кей жерде найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Павлодар облысында жел 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерінде тұман, күндіз кей жерінде найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Күндіз Атырау облысының кей жерінде найзағай, дауыл болып, жел шанды дауылмен 15-20 м/с күшейеді.
Батыс Қазақстан облысының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін.
Қостанай облысында жел 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерінде тұман, найзағай болады.
Ақтөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерінде найзағай болады.
Күндіз Алматы, Кызылорда облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Алматы облысының кей жерінде найзағай болады.
Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.
baq.kz