ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ
Жақында аудандық қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, онда аудан әкімі Ғ.Қазантаев, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Омаров есепті кезеңде атқарылған жұмыстардың есебін беріп, алдағы міндеттер жөнінде хабарлама жасады. Отырысқа қоғамдық кеңес мүшелері қатысты. Есеп беру жиынын аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Омаров жүргізіп отырды.
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-В «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына және облыс әкімінің арнайы бекіткен жергілікті қоғамдық кеңес алдындағы есеп беру кестесіне орай өткен жиында алғаш болып аудан әкімі Ғ.Қазантаев ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндама жасады. Аудан басшысы өткен жылы іргелі істер атқарылып, жүйелі жұмыстар жемісін бергенін атап айтты. Оның ішінде, барлық салада дамудың оң динамикасы қалыптасып, кейбір көрсеткіштер бойынша облыста көш ілгері тұрғанын жеткізді. Баяндама барысында әр саладағы жетістіктерге жеке-жеке тоқталып, ауылдарда атқарылған ауқымды жұмыстарды атап көрсетті. Сондай-ақ, аудан басшысы соңғы жылдардағы тиімді жұмыстардың нәтижесінде ауданда көпір мәселесі түбегейлі шешілгенін жеткізді.
– 2017 жылы облыстық бюджет есебінен Бесарық елді мекеніне кіре-беріс жолындағы «Жаңадария» каналына көпір салуға 123,8 млн. теңге бөлінді. Көпір 2018 жылы пайдалануға беріледі. Осылайша, ауыл тұрғындарының 2007 жылдан бергі өтініштерін орындауға мүмкіндік туады. Сонымен қатар, 2018 жылға Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі автожолындағы екі көпірге облыстық бюджеттен 100,0 млн. теңге қаржы бөлінді. Осымен ауданда көпірге байланысты мәселе түбегейлі шешілді, – деді аудан әкімі Ғанибек Қонысбекұлы.
Қоғамдық кеңесте аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов халық қалаулыларымен атқарылған жұмыстарға тоқталды. Атап айтқанда, есепті мерзім ішінде 5 кезекті, 4 ке- зектен тыс сессиялар өткен. Соның негізінде, барлығы 84 шешім қабылданып, оның 22 шешімі Әділет департаментінде тіркеліп, жер гілікті баспасөзде жарияланған. Сессиялар- да «Аудандағы кіші және орта кәсіпкерлікті дамытудың жайы және оны жақсарту шаралары туралы», «Аудан бойынша білім беру саласының жайы және оны жақсарту шаралары туралы», «Ауданда салауатты өмір салтын қалыптастыру мен бұқаралық спортты дамытудағы жұмыстар туралы», «Сырдария ауданы әкімінің аудандық мәслихат депуттары алдында жүктелген функциялары мен міндеттерінің орындалуы туралы есебі», «Аудан бойынша туберкулез ауруымен күресті күшейту және оны жақсарту шарлары туралы», «Сырдария аудандық ішкі істер бөлімінің жергілікті полиция қызметі басшысының есебін қарау және оның қызметін бағалау туралы», «2016 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы», «2017-2019 жылдарға арналған аудандық бюджетке 5 рет өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту- ралы» секілді мәселелер қаралған.
Тұрғындардың мәселелерін шешуде аудандық мәслихат депутаттары қабылдаулар өткізіп, тиімді жұмыс жүргізуді жолға қойғанын айтқан аудандық мәслихат хатшысы Ержан Ертарғынұлы биылғы Жолдаудан туындаған міндеттерге де тоқталып өтті.
Мұнан соң аудандық қоғамдық кеңестің 2017 жылы атқарған жұмыстары жайлы аудандық қоғамдық кеңес төрағасы М.Омаров хабарлама жасады.
– Қоғамдық кеңес қазіргі кезде қоғам мен үкімет арасындағы мемлекеттің қоғамдық маңызды сұрақтары бойынша азаматтық қоғам пікірін қоғамдық кеңестің басты мақсаты ретінде шешімдердің ашықтығын көрсетуде қоғам мен биліктің өзара іс- қимылының жаңа формасы болып саналады, – деген Марат Жүсіпәліұлы өткен жылы жоспарлы жұмыстар атқарылғанын айтты. Мәселен, 2017 жылы қоғамдық кеңесте 23 отырыс өткізіп, 39 мәселе талқыланған. Оның ішінде, нормативтік құқықтық актілерді қарау, жұмысқа орналастыру және мемлекеттік мекемелердің есебін тыңдау бойынша мәселелер қаралған. Сондай-ақ, нормативтік құқықтық актілер бойынша жер салығының мөлшерлемесі, елді-мекендердің шекарасын белгілеу, жұмыс орындарына квота белгілеу, әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу секілді мәселелер де талқыға түскен. Ал осы ауданнан басталған қоғамдық кеңестің жұмысын ақпараттандыру үшін былтырғы жылдың наурыз айында облыстық ішкі саясат басқармасының ұйымдастыруымен баспасөз-туры өткізілген және республикалық, облыстық БАҚ арқылы аудандық қоғамдық кеңестің жұмысы бойынша түсірілім жүргізіліпті.
Есепті баяндамалар тыңдалғаннан кейін аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Х.Әбенұлы ұсыныс-пікірін айтып, өткен жылғы атқарылған жұмыстарға оң бағасын берді. Кеңес отырысын аудан әкімі Ғанибек Қонысбекұлы қорытындылады. Өткен жыл толайым табыстарға толы болғанын тілге тиек еткен аудан басшысы биылғы жыл да берекелі болуына тілектестігін білдірді.
Е.БЕРКІНБАЕВ