Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ТӨСБЕЛГІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

ТӨСБЕЛГІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Қазақстан Республикасы Мә­дениет және спорт минис­тір­­лігінің ұйымдастыруы­мен Нұр-Сұлтан қаласында 2019 жылдың 19-21 мамыр ара­лығында «Рухани қазына» фестивалі өткізілді. Бұл 3 күнге созылған фестиваль өте әсерлі және мазмұнды өтті.
Фестивальдің соңғы күні кітапханашылардың ішінен ең үздіктерді марапаттау рәсімі өтті. Өзінің іс – тәжірибесі, біліктілігі және кітапхана ісінің нағыз шебері екенін көрсеткен Сырдария аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Гүлстан Нұржакиева Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасының басшысы, педагогика ғылымының докторы, профессор Үмітхан Дәуренбекқызы Мұңалбаеваның бұйрығымен «Кітапхана ісінің шебері» төсбелгісімен марапатталды. Сондай-ақ үздік директор басқаратын Сырдария аудандық кітапханасы «Заманауи оқырманға – заманауи кітапхана» номинациясына ие болды.

“Тт ақпарат”

07 маусым 2019 ж. 986 0