Жаңашылдыққа бетбұрыс бағыты

Семинар барысында аудан әкімінің орынбасары Е.Дәуітбекұлы төртінші деңгейлі бюджет енгізу барысы халық саны 2000-нан асатын кент және ауылдық округте Елбасы Н.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадамның» 98 қадамы шеңберінде жұмыс жасалып жатқанын жеткізді. Өз кезегінде А.Нұрасылова жалпы семинарда қамтылатын маңызды факторды жеке-жеке тізбектеді. Бюджеттің негізгі жүзеге асыру тетігін таразыға салып, жан-жақты түсіндірді. Бұдан кейін Ғ.Аманжолова ауылдық округтеріндегі төртінші деңгейдегі бюджетте әкімдер тарапынан белгіленетін айыппұлдың барлығын жалпылама түсіндіріп, басты қағидатын айтты. Содан соң ауылдық округтерде дербес бюджеттің процесі, бюджеттің жасалу жолдары тақырыбында мәлімдеме жасап, нақты мысал шеңберінде барлық функционалдық жолын қарастырып берді. Ал, қолданыстағы мемлекеттік сатып алу заңдылығы, оны жүзеге асыру негіздері жөнінде А.Сақиұлы егжей-тегжей саралап, түсіндірді. Жеке тұлғалардың берешегі хақында А.Ысқақов жиналған көпшілікке мағлұмат берді. Коммуналдық мүлікті жалға беру, сенімгерлік басқаруға беру, жекешелендіру кепілге қою функциясын Н.Ердіғалықов, бюджеттің атқарылуы есетілігі жөнінде Қ.Жаңабаева мол мағұлматпен таныстырды.
Семинар соңында аталған мәселеге байланысты жиналған көпшілік сауал жолдап, сала мамандарынан жауап алды.
Б.ОРДАБЕКОВ