Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 69 газет

13 қыркүйек 2025 ж.

№ 68 газет

09 қыркүйек 2025 ж.

№ 67 газет

06 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
» » МҰНАЙШЫЛАР АУЫЗАШАР БЕРДІ

МҰНАЙШЫЛАР АУЫЗАШАР БЕРДІ

Аудан көлемінде мұнай компаниялары жұмыс жасайтыны белгілі. Олар өз кезегінде жер қойнауынан шығып жатқан байлықты өндіріп, пайда тауып отыр. Тиісінше, тапқан пайданың бір бөлігін сырдариялықтармен бөлісіп келеді. Яғни, әркез қайырымдылық шараларға белсене атсалысып, аудан тұрғындарына демеушілік жасауды үрдіске айналдырған.
Жақында ірі компаниялардың бірі – «Қаз­гермұнай» БК» ЖШС-нің бас директоры Мұрат Кеңесбайұлы Мұстафаев бастаған мұнай­шылар аудандық «Мұсылмандар» мешіті асханасында жамағатқа ауызашар берді. Оған аудан әкімі Ғ.Қазантаев, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, ардагерлер мен тұрғындар қатысты.
Қасиетті Рамазан айында сауапты іске мұрындық болған мұнайшыларға аудан басшысы өзінің алғысын білдірді. Аталмыш компания халыққа көмек көрсетуде үнемі демеушілік жасайтынын айтып, жұмыстарының жемісті болуын тіледі. Қасиетті айда барша ағайынның ұстаған оразасы қабыл болуына тілектестік білдірді.
Сондай-ақ, ауызашарда аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Әбенұлы, еңбек ардагері Р.Бәйменов және әрбір сала ардагерлері сөз сөйлеп, шарапатты айдың шапағатын тіледі және ауызашар ұйымдастырған мұнайшыларға ризашылықтарын жеткізді.
Соңында соғыс және еңбек ардагері Яхия Тасыров ақ батасын беріп, Құран оқылып, дұға жасалды.

Е.БЕРКІНБАЕВ
07 маусым 2019 ж. 722 0