Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ШЕЖІРЕ ТҰНҒАН АСҚАР АУЫЛЫ

ШЕЖІРЕ ТҰНҒАН АСҚАР АУЫЛЫ

Кітап – адамзат ақыл-ойының інжу-маржа­нын ғасырдан ғасырға, ұр­пақ­­тан - ұрпаққа жет­кізіп беретін ғажа­йып құрал. «Әлем кітап бетте­ріне жазылу үшін жара­тыл­­ған» – деп, ұлы ғұ­ла­ма айтқандай, адамзат тарихы тұ­тастай кітап қорына жи­нақталады. Алтын қор­ды жасаушы сан ға­сырлық тарихты қал­дырған тұлғалар екені рас. Тұтастай шежірені өскелең ұр­паққа жеткізу бабалар ама­наты болып саналады.
Сөз байлығы түрленіп, ауыл өмірінен сыр шерткенде тауқыметті жылдардың естелігін бір сәт зерделей аласыз. Ғасыр­лар бойы тұрғылықты жерің өзгермейді. Тек алдыңғы буынның кейін­гі буын орнын басады. Сонда жаңа дәуір көші жаңғырып, жаңа буын шоғыры қа­лып­тасады. Мұның барлығы кітап беті­не таңбаланып жазылады.
Аудан өмірімен біте қайнасқан талай ауылдың іргесі көтеріліп, қайта жанданды. Тарих беттеріне алтын әріппен жазылған орасан еңбектің айқын үлгісін, ауылдың тыныс-тіршілігінен аңғаруға болады. Жыл бойы қайта айналып келмейтін сара жолды салған әрбір тұлғаның өшпес мұрасы баршаға мұра. Ауданға қарасты ақиық ақын А.Тоқмағанбетов атымен аталатын ауылдың бүгінгі жай-күйі қуантарлық жағдайда. Берекесі тасыған ауылдың қазаны оттан түскен емес. Жақында аталған ауылдың тарихын сүзгіден өткізген ауыл ардагерлері З.Сыздықова, Ж.Маханбетов, М.Есен­баева «Атақонысым – Асқар ауылы» атты кітапты жарыққа шығарды. Мұнда байырғы ауылдан түлеген тұлғалар мен ел азаматтарының еңбегі қамтылған. Атал­мыш кітап «Асқар Тоқмағамбетов Жер» ЖШС-і төрағасы М.Есжановтың де­меу­шілігімен қол жеткізген дүние.
Өткен аптаның жұмасында ауылдық мәдениет үйінде ауыл тарихынан сыр шертетін «Атақонысым- Асқар ауылы» атты кітаптың тұсаукесері облыс деңгейінде аталып өтті. Шараға аудан әкімі Ғ.Қазантаев, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, Сырдария ауданының «Құрметті азаматы», «Қазақстанның ең­бек сіңірген дәрігері», «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», «Халықтар дос­тығы» ордендерінің иегері Е.Омаров, Сырдария ауданының «Құрметті азаматы» А.Божанова, ауданның бірқатар қонақтары, аудан ардагерлері, қоғамдық кеңес төрағалары, аудан тұрғындары мен сала мамандары қатысты.
Шара барысында аудан әкімі Ғанибек Қазантаев сөз алып, құнды кітаптың шы­ғуы­мен құттықтады.
– «Халқымызда өткенсіз бүгін, бүгінсіз ертең жоқ» деген дана сөз бар. Киелі өлке тарихымен, атақты азаматтардың ең­бегін келер ұрпаққа дәріптеу, үлгі ету абы­ройлы жұмыс. Бүгін міне, баршамыз ауда­нымыздың тарихы үшін маңызды шарада бас қосып отырмыз. Яғни, Асқар Тоқмағанбетов ауылының өткені мен бү­гі­нінен сыр шертетін кітаптың тұсауы ке­сіледі. Ақын Асқар Тоқмағанбетов атымен аталатын ауыл бүгінде дамудың даңғыл жолына түсіп, көркейіп келеді. Елді-мекенде өмірі өнегеге толы тұлғалар туып өскен. Олардың бүгінгі ұрпақтары да ауылдың көркейіп, кемелдене түсуіне өз үлестерін қосуда, – деді аудан әкімі.
«Атақонысым – Асқар ауылы» атты кітаптың ақылдастар алқасының мүшесі, Сырдария ауданының «Құрметті азаматы», Асқар Тоқмағамбетов ауылының ардагері З.Сыздықова жалпы кітаптың мазмұнын көпшілікке таныстырды. Сонымен қатар, Е.Омаров, А.Божанова сөз алып, ауыл өмірінің жылнамасын тілге тиек етті. Осы орайда шежірелі кітаптың тұсауын құрметті қонақтар кесті. «Асқар Тоқмағамбетов Жер» ЖШС-і төрағасы М.Есжанов қонақ­тарға арнайы сый-құрмет көрсетті. Шара­ның көркін аудан өнерпаздары қыздырып, ән айтты. Көркемсөз шеберлері монолог оқып, көпшілік көңілінен шықты. Сондай-ақ, ауыл өнерпаздары орталық алаңда концерттік бағдарлама ұсынды.

Балтабай ОРДАБЕКОВ

28 мамыр 2019 ж. 1 273 0