Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

ДАЛА ДҮБІРІ

“Көктемнің күні жылға азық” дейді халық даналығы. Сол айтқандай “А.Тоқмағанбетов ЛТД” ЖШС-де атызға дән себу жұмысы қарқынды жүргізілуде. Күзгі мол өнімнің негізі көктемде қаланады. Қазір асқарлықтар 900 гектар алқаптың 80 процентіне егіс салу жұмысын аяқтап, суға бастырды. 25 мамырға дейін дән себу толық аяқталатын болады. Шаруашылық қазіргі таңда егін егумен қатар 180 орындық асхананың, 20 орындық қоғамдық моншаның іргетасын көтеріп, жақында өру жұмыстарын бастамақшы.
Жылда жарқын жетістіктерімен көрініп жүрген шаруашылық еңбеккерлері биыл да меже биігінен шығады деген сенім мол.

“Тт ақпарат”

21 мамыр 2019 ж. 638 0