ЖОЛДАУҒА ҮН ҚОСТЫ
Жақында аудандық балалар кітапханасының оқу залында Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын балалар мен ұстаздарға таныстырып насихаттау мақсатында«Дамудың даңғыл жолындағы Қазақстан» атты экспресс шолу өтті.
Шара барысында Жолдауға қатысты мәлімдемесінде айтылған Қазақстан әлемдегі түрлі сынақтарға төтеп беріп, қарқынды экономикалық даму жолына бет алу керектігі айтылды. Еліміздің 2050 жылға қарай ұзақ мерзімді Даму стратегиясы жүзеге асырылып, жүз нақты қадам Ұлт жоспары аясында реформалар жүргізіліп жатқандығы жөнінде мәлімет келтірілді. Және де индустрияландыру саласын өркендету үшін жүйелі жұмыстар кешенін қалыптастырып, рухани жаңғыру бағыты бойынша кешенді іс-шаралар қолға алынғандығын, басты міндет екендігін жеткізді. Сонымен қатар «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы қабылданғандығын айтып, сала мамандары технология тетіктерін пайдалану жолдарына тоқталды. Жиында ұстаздар аталған мәселе бойынша өз ойларын ортаға салып, келешек ұрпақты тәрбиелеуде Жолдауда айтылған нақты қадамдарды орындауға басымдық беретіндіктерін жеткізді. Мектеп оқушылары жас буын ретінде ел болашағын қалыптастыру мақсатында сапалы білім алып, жетістікке жетуге талпынатындықтарын айтты.
Балтабай ОРДАБЕКОВ