Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Соғыс және еңбек ардагері Бөрібай Құлманов 98 жаста

Соғыс және еңбек ардагері Бөрібай Құлманов 98 жаста


Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Бөрібай Құлманұлының үйіне барып, туған күнімен құттықтады.
«Сіз өнегелі өміріңізбен баршаға үлгі бола білген, ел үшін еткен еңбегіңіз, халық игілігіне айналған, Отан үшін от кешкен ерлігіңіз жас ұрпаққа ұран болған адамсыз. Сізді Сыр өңірі жұртшылығы атынан шын жүректен құттықтаймын,» - деді аймақ басшысы.

Ардагерді облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, облыстық мәслихат хатшысы Наурызбай Байқадамов және басқа да қоғам қайраткерлері құттықтады.
Облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқаны үшін Б.Құлмановқа Қызылорда облысының Құрмет грамотасы табысталды.
Бөрібай Құлманұлы өзіне көрсетілген құрмет үшін алғысын білдірді.
Б. Құлманов 1920 жылы туылған. Еңбек жолын қарапайым ауылшаруашылық саласынан бастады. Ұлы Отан Соғысында Беларусь, Польша, Германия майдандарында соғысты. Соғыс аяқталған жылы Қытайда және Шығыс Түркістан Республикасында құпия миссия атқарды. Елге оралғаннан кейін облыстық ауылшаруашылығы басқармасында қызметте болды. Зейнеткерлікке шыққаннан кейін де Қызылорда экспериментальды-механикалық жөндеу заводында қызмет атқарды.Осындай ел мүддесі жолындағы еселі еңбектері үшін Құлманов Бөрібай ағамыз «Қызыл жұлдыз», «Отан соғысы» және «Еңбек Қызыл Ту», «Құрмет белгісі», «Құрмет» ордендерінің иегері, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды.
07 қараша 2018 ж. 1 548 0