Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ШАҒАН АУЫЛЫНАН «COWORKING» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

ШАҒАН АУЫЛЫНАН «COWORKING» ОРТАЛЫҒЫ АШЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2019 жыл «Жастар жылы» ретінде белгіленуіне орай аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың төрағалығымен Тереңөзек кентінде өткен жастар форумында ауылдық округ әкімдеріне бірқатар нақты тапсырмалар берілген болатын.

Аталған тапсырмалардың бірі ауданға қарасты әрбір ауылдық округте жыл аяғына дейін «Coworking» орталығы ашылу қажет. Бұл ауыл жастарының бос уақытын тиімді пайдалануға септігін тигізеді.

Осыған орай, бүгін Шаған ауылдық округінен ауылдық кітапхана жанынан «Coworking» орталығының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға дербес бөлім басшылары, ауыл әкімдігінің өкілдері, ардагерлер, Қоғамдық кеңес мүшелері, жастар мен ауыл тұрғындары қатысты.

Айта кету керек, орталықта ыңғайлы орындықтар, үстелдер, жұмыс орындары, бірлескен және жеке жұмыстарға арналған алаңдар, ақысыз Wi-Fi, жедел интернет орнатылған және келушілер үшін «Skype» арқылы сұхбаттасу мүмкіндігі қарастырылған.

«Жастар жылы» аясында жүзеге асырылған жүйелі жұмыстың нәтижесінде ашылған «Coworking» орталығының ашылғанына шағандық дән риза.
25 сәуір 2019 ж. 867 0