Н.ІЛИЯСОВ АУЫЛЫНДА ЕСЕП БЕРУ ЖИЫНЫ ӨТТІ
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес бүгін Н.Ілиясов ауылдық округінде есеп беру жиыны өтті.
Есеп беру жиынына облыстық мәслихат депутаты Ж.Нұрымбетов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары, ауыл тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Есеп беру жиынында Сырдария ауданының әкімі Ғ.Қазантаев 2018 жылы аудан бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады.
2018 жүзеге асырылған жұмыстар туралы кеңінен айтып өткен аудан басшысы алда тұрған мақсат-міндеттерге тоқталып, жоспарлы жұмыстарды бірлесе атқару қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, ағымдағы жылы ауданда жаппай кәсіпкерлікті дамытуға және жастарды қолдауға ерекше басымдық берілетінін атап өтті.
Есеп беру жиыны барысында Н.Ілиясов ауылдық округінің әкімі С.Нұрмағанбетов, Н.Ілиясов ауылдық учаскелік полиция инспекторы Р.Оспанов есепті мерзімде атқарған жұмыстарының есебін берді.
Негізгі баяндамалар тыңдалғаннан кейін аудан басшысы тұрғындардың ұсыныстарын тыңдап, тиісті жауаптар берді.
Айта кету керек, Н.Ілиясов ауылдық округінде 2018 жылы 19 кәсіпкерлік субьектісі тіркелген. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған «Спорт кешенінде» футбол, гандбол, дзю-до, бокс спорт түрлерінен 4 үйірме жұмыс жасауда. Ауылдық округте 17 тыл ардагері, 241 зейнеткер, 26 «Алтын алқа» және 46 «Күміс алқа» иегерлері бар. Экономикалық белсенді халық саны 1025 адамды құрайды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.