Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫР ӨҢІРІНЕН 30 ДЕЛЕГАТ САЙЛАНДЫ

СЫР ӨҢІРІНЕН 30 ДЕЛЕГАТ САЙЛАНДЫ

Nur Otan партиясының съезіне сыр елінен 30 делегат қатысады.  

Бұл жайында Қызылорда облыстық филиалының кезектен тыс XХIV конференциясында айтылды. Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Қырыбек Көшербаевтың төрағалығымен жиынның күн тәртібінде ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауын 2019 жылдың 9 маусым күні өткізу туралы шешім қолдау туралы, Партия Төрағасы Н. Назарбаевтың партияның кезекті XVIII съезінде берген тапсырмаларына сәйкес қабылданған «Халыққа көмек», «Бақытты отбасы», «Ауыл – ел бесігі», «Құтты мекен» халықтық жобаларының өңірде жүзеге асырылуы сондай-ақ, Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезіне делегаттар сайлау мәселелері ұсынылып қаралды.  

Күн тәтібіндегі бірінші мәселе бойынша Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің мүшесі, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, облыстық әйелдер кеңесі мен Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесінің төрайымы Нұрсәуле Мұсаева хабарлама жасап, өз ойларын ортаға салды.

Мәселен, елдегі барлық соңғы өзгерістерге, саяси-қоғамдық сипаттағы жаңалықтарға жіті көз тігіп, назар салып, тиісті пікірлерін білдіріп отырған облыс ардагерлерінің көшбасшысы Серік Дүйсенбаев, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың елімізге және әрқайсымызға қатысты аса маңызды Үндеу жариялап, елімізде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу жөнінде шешім қабылдауын қазыналы қарттар ризашылықпен қабылдағандығын айтса, Нұрсәуле Мұсаева Елбасы бастаған бастамалардың баянды болуы үшін, халқымыздың берекелі де мерекелі өмірі үшін еліміздің Конституциясына сәйкес, кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы шешімнің қабылдануы уақыт талабы екенін тілге тиек етті. Ал Nur Otan партиясы Сайлауалды бағдарламасының «Аграрлық сектор» бағытындағы аймақтық комиссиясының жетекшісі, облыстық мәслихат депутаты, «Жан-Арай» ЖШС директоры Бақдәулет Махашев ауылды әлеуметтік-экономикалық дамытуға, ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға, кәсіпкерлік қызметін жаңғыртуға бағытталған «Ауыл – ел бесігі», сондай-ақ, моно қалалардың инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстардың нәтижелі жүзеге асуына тұрақты партиялық бақылау жасау мақсатындағы «Құтты мекен» партиялық жобаларының көздеген мақсаты, күтілетін нәтижелерін атап өтіп, жобалар аясында атқарылған жұмыстарды баяндады.

– Қазір партия «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында тікелей жүзеге асыратын 3 бағытты анықтап алды. Бірінші – әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту. Бұл бағытта бизнес өкілдерімен бірлесіп, еліміз бойынша үш жылдың ішінде 1 000 мектепте спорт алаңын салуды және ауыл кітапханаларының базасында 1 000 коворкинг орталық ашу жоспарланған. Бүгінде Қызылорда облысы бойынша – ашылуы жоспарланған 9 коворкинг орталықтың 8-і ашылып, өз жұмысын жүргізуде.Сонымен бірге ағымдағы жылы облыс бойынша 41 мектепте спорт алаңдары мен 20 аулалық спорт алаңдарына жаңғырту жұмыстары жүргізілетін болады.

Екінші – ауылды кадрмен қамтамасыз ету. Бұл бағытта «Дипломмен ауылға» жобасының аясында мамандарды тарту қарастырылып жатыр. Үшінші – ауылда жастар кәсіпкерлігін дамыту. Ағымдағы жылы жоба аясында еліміз бойынша 2000 жас маман 500 шаруа қожалығына тағылымдамадан өту үшін жіберіледі. Осы бағытта біздің өңір – 83 жас маманды 22 шаруа қожалығына тағылымдамаға жіберуге жағдай жасап отыр, – деді Бақдәулет Махашев. Келелі жиын соңында сырбойылықтар ашық дауыспен күн тәртібіне сәйкес, Nur Otan партиясының кезектен тыс ХІХ съезіне 30 делегатты сайлады.

aikyn.kz


19 сәуір 2019 ж. 910 0