Тоқаев Ұлттық банкке тапсырма берді
Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банкке тапсырма берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Ұлттық банкке биылғы жылы несие беру мөлшерлемесін әрі қарай төмендету және экономиканы қаржыландыру көлемін арттыру механизмдерін әзірлеуді тапсырамын", - деді Тоқаев Маңғыстау облысының жұртшылығымен кездесу барысында.
Сонымен қатар мемлекет басшысы экономикалық өсім мен халықтың табысы артуы үшін "шағын және орта бизнестің несиеге қолжетімділігін кеңейту" маңызды екенін атап өтті.