Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ҰЛТТЫҢ БАҒА ЖЕТПЕС ҚҰНДЫЛЫҒЫ

ҰЛТТЫҢ БАҒА ЖЕТПЕС ҚҰНДЫЛЫҒЫ

Ұлт мұрасының ежелден келе жатқан алтын қорын жаңғыртуда тарих сахнасындағы өшпес қазынамызды жарыққа шығару болашақтың еншісінде. Халқымыздың келешек ұрпақ жадында мәңгі сақталатын, баға жетпес құндылықтарды қалдыруды мақсат тұтты. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жариялау арқылы халықтың тереңге бойлаған жарқын жетістігі мен кез-келген рухани байлығын қайта жарыққа шығаруды көздеді. Мақала өзегінен жарып шыққан әрбір міндеттің орындалуы дүниежүзіне қазақ халқын танытуда айрықша рөлге ие.
Ғасырлар бойы қанатын кеңге жайған қазақ өркениеті дархан дала төсінде ұлт ретінде айқын қолтаңбасын қалдырды. Жарқын белесті бағындыру жолында нақты бағдары айқын қазақ ұлтының өзіне тән зерделі құндылықтары жетерлік. Жаңа дәуірге қадам басқан халықтың артында қайта жаңғырған дәстүр сабақтастығы, өзіне тән ерекшелігі, қазақы тұрпаты, саналы ұрпағы, көнеден қалған мол мұрасы, ескінің сарқыты өлшеусіз еңбегі, жылдар бойы сақталған жәдігері қалуы тиіс. Осы орайда аудандық мәдениет үйі жанынан құрылған «Дала дидары мәдени үгіт бригада мүшелері «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын кеңінен насихаттау мақсатында №210 О.Әбілпаттаев атындағы орта мектеп оқушыларымен кездесу өткізді.
Шара барысында үгіт бригаданың жетекшісі С.Наурызбаев мақаланың жалпы мазмұнына тоқталып, ұлтық құндылықтарымызды тілге тиек етті. Кездесуге келген оқушыларға мақаланың ұлт мүддесі үшін жасалған рухани байлығымызды дамыту жолындағы рөлін атап өтті. Өз кезегінде үгіт бригада мүшелері патриоттық сезімді ояту үшін әрбір жастың бойында ұлтжандылық қасиет болуы тиістігін жеткізді. Оқушылар мақаладан туындайтын міндеттерді атап, мәңгі ел болу жолында сол құндылықтарды маңызды екеніне тоқталды.

Б.АЯБЕКҰЛЫ
05 сәуір 2019 ж. 1 018 0